Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 8498 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 10:31

Төре мен тораны шатастырмайық...

Қазіргі төрелер кімдер!? Жалған шежірешілердің көксегені не? Неге түбі белгісіз біреулер төре атануға құштар? «Дат» газетінің 2012.06.06. күнгі нөмірінде жарияланған: «Төрелер үшін Назарбаевты хан сайлау неге арман?» деген мақаладан соң, осындай-осындай сұрақтар төрелердің түн ұйқысын төртке бөлгенге ұқсайды. Жетісу өңірі, Талдықорған облысынан жеткен жеті бет хатты оқырмен назарына қысқартып ұсынуды жөн көрдік. Рас, хатты редакцияға жеткізген адам толық мәтінін жариялауды өтінгенімен, газеттің де мүмкіндігі шектеулі екенін хат жолдаушылар түсінеді ғой деген ойдамыз.

 

«Кім білсін, кімнің қалай ойларын, біз сонау КСРО кезінде-ақ кішкентайымыздан ата-әжелеріміз: «Тумысың - Төре, анау сенің туысқаның, мына жер ана-атаңдікі» деп құлағымызға құйып өсірген Алтын Емел жерінің төрелері, Абылайдың Әділінің ұрпақтарымыз. Басқа жақтағылар үшін жауап бере алмағанмен, осы өңірдің төрелерін түгелдей білеміз» деп басталған хат төмендегіні баян етеді.

- Бірінші, «Төре» дегеніміз кім десек, Қазақ арасында сонау Шыңғысхан заманынан қалып, өздері қазіргі күнде Қазақтың айтулы руына айналған Шыңғыс ұрпақтары.

Қазіргі төрелер кімдер!? Жалған шежірешілердің көксегені не? Неге түбі белгісіз біреулер төре атануға құштар? «Дат» газетінің 2012.06.06. күнгі нөмірінде жарияланған: «Төрелер үшін Назарбаевты хан сайлау неге арман?» деген мақаладан соң, осындай-осындай сұрақтар төрелердің түн ұйқысын төртке бөлгенге ұқсайды. Жетісу өңірі, Талдықорған облысынан жеткен жеті бет хатты оқырмен назарына қысқартып ұсынуды жөн көрдік. Рас, хатты редакцияға жеткізген адам толық мәтінін жариялауды өтінгенімен, газеттің де мүмкіндігі шектеулі екенін хат жолдаушылар түсінеді ғой деген ойдамыз.

 

«Кім білсін, кімнің қалай ойларын, біз сонау КСРО кезінде-ақ кішкентайымыздан ата-әжелеріміз: «Тумысың - Төре, анау сенің туысқаның, мына жер ана-атаңдікі» деп құлағымызға құйып өсірген Алтын Емел жерінің төрелері, Абылайдың Әділінің ұрпақтарымыз. Басқа жақтағылар үшін жауап бере алмағанмен, осы өңірдің төрелерін түгелдей білеміз» деп басталған хат төмендегіні баян етеді.

- Бірінші, «Төре» дегеніміз кім десек, Қазақ арасында сонау Шыңғысхан заманынан қалып, өздері қазіргі күнде Қазақтың айтулы руына айналған Шыңғыс ұрпақтары.

Кезінде Дінмұхамед Қонаев: «Мына жерде кім жатқанын білесің бе? Бұл жерде өзі ақын, өзі батыр, өзі философ, осы Жетісудың аға сұлтаны - хан Тезек жатыр. Егер Тезек төре болмаса, ақын Түбек те, Сүйінбай да, Бақтыбай да белгісіз болар еді...» - деген екен (Ә. Алыбаевтың естелігінен).

Ал Құнанбай қажы Меккенің шейхына: «...біз Мәскеу-Сәскеудікі де, Бұқар-Сұқардыкі де емес Қырғыз да емес, Қайсақ та емес кең сақараның қазағымыз. Жанымыз құдайдың билігінде, басымыз төренің билігінде, дініміз қожалардың билігінде...»  -депті...

Енді Ғазиз Табылдин сұхбатының «Главное - не изменять истине» деп аталуына келсек, тақырыбы жақсы-ақ, бірақ заты ақсақ! Мұнда, басқа елдердің Шыңғысхан, оның ұрпақтары туралы жазған ғұламаларын айтпағанда, өзіміздің Абулғазы- бахадур, Шоқан, Шәкәрім, Мұхаметжан Тынышбаев, Құрбанғали, Ілияс, Шота ағамыз, т.б. сияқты шын ардақты, аяулыларымыздың еңбектері қайда?! Олар айтқан сөзге тоқталмай, Табылдин мырза өзін қалай шежіре жаздым деп есептейді? Рас, Табылдин өзін төремін демейді, бірақ «Сквоз призму времени» деп сөйлейтін Арман Ақмұханов өзін-өзі төре санайды.

(Призманың болмысы, ол - түскен сәулені сындырып көрсетеді!)

Біз бұлар секілді өз-өзімізді «академик» атамасақ та, орысша оқымасақ та, бұл жолдарды «...через фильтр времени» немесе «из глубины веков» дер едік. Ал Маяковский секілді реалист орыс ақыны болсақ, призма сөзіне клизма сөзін ұйқастырар едік...

Мұнан екі жыл бұрын, яғни 2010 жылы «Чингизиды, династии и эпохи» атты кітап А.Оловинцев. Г.Табулдин дегендердің авторлығымен жарық көріп, бұл қоғамда біраз дүрбелең туғызған болатын.

Жалпы, осы кісілердің төрелер шежіресін жазуға соншалықты неге құмар болғандықтары көп адамға түсініксіз. Себебі кітап мазмұнында көптеген қате кеткендіктен, бұл кітапты нағыз ғылыми зерттеу түрғысынан қарауға болмайды деген пікірдеміз. Мәселен, өзіміз Әділ сұлтанның ұрпақтары болған себепті, Әділ сұлтан шежіресі жазылған 201-бетті қарадық емес пе? Онда «Адиль султан (1740 - 1815) имел 12 сыновей» дейді, әрі қарай аттарына қарап түгендей бастасақ, осы бетте сұлтан ұлдарының саны 13-ке, келесі бетте 15-ке, тіпті 18-ге жетті. Осы бетте Аланды Әділден таратса, 210-бетте Әлиден таратады.

Қос «академиктің» қосақтала отырып осындай қисынсыздықтарға киліккендері, әрине, жөнсіз-ақ. Қазақстанның басқа облыстарындағы төрелер үшін қалай екенін білмедік, ал біз үшін бұл - кешірілмес қателер! Бұрынғы қазақта жандарал ұғымы күшті болса, қазір жарнама ұғымы күшейіп тұрған соң, қайтерсіз?!

«Академик» демекші, Оловинцев туралы айтпауға болмас. Деректер бойынша, 40 жылдай шаруашылықтарда электр маманы болған дейді, тегі славян ба, жойыт па, кім білсін, енді қазақтың тарихын түгендеуші бола қалыпты. Табылдин өз сұхбатында оны Астанада коллекционерлер қоғамында кездейсоқ ұшыраттым дейді, сірә, осы кездейсоқтық «академиктікке» алып келсе керек! Бұл пенде анау-мынау, алдап ақша табатындарға коллекционер болып жүре бермей, қазақты «коллекционировать» етіп несі бар? Керемет!

Егер біз қос «академиктің» қатесін тауып отырсақ, біздің гипер-академик болғанымыз ғой! Беріңдер бізге сондай атақты!!! Аяйсыңдар ма, сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ қайдағы біреулер алып жатқанда?!

Жарнама ұғымына келсек, сөзіміз дәлелді болсын, талдықорғандық Мереке Серғазин ақсақалға Табылдин: «ага, дайте 47 тысячь тенге, эти деньги нужны для зарплаты двух кандитатов наук, которые исследуют исторические факты, и мы включим Вас в книгу родословной Чингизидов», - деген ғой. Мереке, ақсақал осы жерде өзінің шын төре екендігін білдіріп, «әй, сендерге ақша беріп төре болмай-ақ қойдым. Менің төре екендігімді бар ел біледі», - деп ақша бермеген. Атамызға мың алғыс! Бірақ кейбір шала-шаталар ақша беріп, осы кітапқа еніп те кеткен екен. Оның анық-қанығын білетіндер, Абай атамыз айтқандай (ұлы сөздің ұяттығы жоқ), артын ашып күліп жүрген көрінеді! Міне, мәселе қайда, ағайын. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» деген қазақ даналығын еске салудың бір мысалы!

«Ғылыми жұмыстармен қашаннан бері айналысасыз?» деген сұраққа Табылдин: «...В студенческие годы, педагогическом институте... г.Екатеринбурга... российский ученый Новожженов узнал мой интерес к энтомологии», - деп жауап беріпті. Айналайын, «академчигім-ау», сол құрт-құмырсқа, бақа-шаяндарыңмен айналыспай, төрелерде нең бар? Әлде қазақ саған «совокпен» ұстайтын жынды көбелек пе?!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: егер қажет болса,  47 мың теңге төлеңіз, төре болып шығасыз, обалы не керек, қазір арзандатып 20 мыңға түсіріпті деп естіп жатырмыз. Қайтсін, нарық қой! Ал осы кітаптың екінші басылымындағы Тәуке хан мен Барақтың суреттеріне, қазіргі таныс адамдардың суретіне шапан, бөрік кигізіп сала салғанына қарап, Табылдин мырзаның: «Действительно приближать исторической действительности» дегенін іске асырғанына «күмәніміз» көп..

Осы өздерін-өздері төреміз деп, төрелер қатарына қосушылармен Талдықорғанда кездестік те! Сонда Қорабай Сарманов ақсақал: «...мына жазушысымақтарыңды шылғи өтірік жазғандары үшін, сенімен қосып сотқа беремін», - деп еді, Ақмұханов: «Я только дал деньги, а что они написали, не знаю. Вообще этот Табулдин, сволочь, мне должен 15 тысяч долларов. Пожалуйста, дайте мне время, как я получу свои деньги, потом дайте в суд», - деп құтылды.

Мұнан өзге тағы бір кездесу туралы айтуға тура келеді. «Алматыдан бір топ төрелер келе жатыр» деген соң, жалпақтап, қарсы алдық. Сондағы көргеніміз бен естігеніміз не болды десеңізші?! Ақмұханов және оның жанына ергендерден қазақы әдетпен жөн сұрай бастадық емес пе?!

Біреуі өз-өзінен жұлқынып, «мен Мая Қарамаева, президенттікке кандидат болғанмын, экстрасенспін, төремін», - деді. Төре болсаң, қай тұқымынансың деп сұрасақ: «Абылай, одан Саңқай, өзім по ту сторонний мирмен связбын», - дегенінде, біз де: «Әй, қарағым Қарамай, бұл сөзің қалды жарамай; был один ученый Тынышпай, он писал аргынский уран - Абылай, найманский уран - Саңқай, так что біз де қалдық басты шайқай, дұрысы үйіңе қайқай», - дедік. Біз сияқты қарапайым, ел қатарлы «нормальный» адамдарды мұндайлар, қазақ атам айтатындай, «жын ба, шайтан ба?!» деген ойға қалдырады екен...

Жөн сұраса келе, Ақмұхановқа «әй, өзің «Батыстікімін, Тохтамыш ханның ұрпағымын, өскен жерім - Өскемен, әкем - Алшын дейсің, сенің қай жерің сонда төре болды?» - десек, ол: «...менің атамды төрелер асыраған, я чувствую, я тоже торе, я три раза сдавал анализ ДНК на предмет Чингизида, три раза не подтвердились анализы, но я все равно добюсь того, что я Чингизид! (Е, ақша берсең, «добиться» етіп те қаларсың, бірақ одан не пайда?) Куда мне теперь пойти? Отец ругает, какой черт ты Чингизид, ты Алшын - Кіші Жүз! Но Алшыны меня не принимают, а у меня от двух или трех әйелдерімнен деді ме, әйтеуір, дети есть. Олар кім болады? Примите меня к торе...» - дейді.

Хорошо, біз «принимать» ете салайық, сонда құдай бар емес пе, аруақтар не демек?! Жалпы, осы қазақтың бала асырап алуы өте бір ауыр жағдай. Бұл тұрғыда мұсылмандық тәртіп анағұрлым озық, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.у. айтқан ғой «жетімді асырағанның сауабы өте зор. Бірақ оның ата-анасының кім екенін айтып отыру керек» деп. Ал біздің қазақ асырандыны, кірмені өмір бойы жасырып келіп, өлгенінде мұсылмандығы есіне түскендей, шын әкесін айтқызады. Сондықтан Ақмұхановқа «Төре болуға жүгірме, өз тегіңнен түңілме. Ел бетіңе басар, аруағың айналып қашар, Төре болу мақсат емес, Жалғандық жақсы ат емес», - деп түсіндіріп едік, кім білсін, түсінді ме, түсінбеді ме?!

 

Сосын сұхбатындағы «...О том, что принадлежу к сословию торе, от нас скрывали, время было такое. Личностью Чингисхана заинтересовался, учась в  школе...» - дегенінің мағынасын сұрап едік, былжырақтап ештеңе айта алмады.

Сосын бұл «вундеркиндке»: «Шота Уәлиханов шыққан тегін жасырып көрді ме? Сонда төремін десең, сені кім қысты, бұның қай сандырақ», - дегенімізде, «извините, больше не буду, я перепутал», - деп құтылды.

Оның «монархия» деген ойының саясат емес сайқымазақ, арандатушы екендігін бетіне басып, енді бізге жоламауын айтқанымызда, ол: «...Клянусь не затрагивать тему Торе в пропаганде монархической партии, это мое личное, частное дело. Только не прогоните меня от вас...» - деп қорғанды. Осы пәле Төрені Торамен немесе Таромен шатастырып жүрген жоқ па деген де ой келеді! Енді «Дат» газеті осының ақ-қарасын бізге анықтап берсін! Ол осы «идеясын» қарақан басынан ба, қалған елдің атынан ұсынған-ұсынбағанын түсіндірсін! Бұл әлі аяқталмайтын әңгіме, біз шындықты ашамыз, тиістінің бетіне басамыз да, қажетті шараларды қолданамыз!..

«Даттағы» айтылғандай, олар ҚР Конституциясының 5-бабына сәйкес идеологиялық және саяси саналуандылықты басшылыққа алса, біз ондайларға Конституцияның 3-бабында қоғамда әлдебір топтың өзінің артықшылығын насихаттауға болмайтыны қатаң көрсетілгенін ескертеміз.

Соңында біздер «Тұқымы құрысын, Чингизид боласың ба, шын қызыл ит боласың ба, өзің біл, бізді, Қазақтың бір руына айналған Шыңғыс ұрпақтары - төрелерді арандатушы болма! Жалпы басқаларың да, қазақ болам десеңдер, алдымен қазақ тілін үйреніп алыңдар», - деп қолды бір сілтеп қоя бердік бұларды...

...Осы топпен Алматы маңынан келген сәулеткер Еркін есімді азаматқа: «...Мыналармен шатасып жүргеніңіз қалай, қарасақ, таза тұқымнан сіз ғана сияқтысыз ғой», - дегенімізде, ол кісі: «...Кешіріңіздер, төрелерге барамыз деген соң, сіздермен танысқым келіп, ерген едім, болмаса, бұл пәлелерге адам жолай ма?!» - деп ағынан жарылды. Бар шындық осы. Газет Ақмұхановты әлдебір төре ұрпағы-мыс деп дөп басыпты.

Ал шын төрелерге келсек, оларда ешқандай саясат жоқ. Барлығы да біз қазақпыз, қазақтан бөтен ойымыз жоқ деп ағынан жарылады, дәл солай да! «Әзірет сұлтан» мұражайының директоры Садықбековтен қандай шара өткізбегін сұрастырармыз. Егер әлдебір театрландырылған көрініс болса, оған төрелердің қатысы қанша екен, кім бастамақшы екен, білерміз Қазақстанның азаматы ретінде.

Газет жазғандай, Ақмұхановтың артында әлдебір саяси күштер, ¥лттық қауіпсіздік комитеті тұр дегенге біз сеніңкіремейміз. Өйткені аталған пысықайдың ой өрісі, саяси көзқарасы, жалпы саясаткерлігі, шыққан тегі ондай міндеттерді атқара алмайтынын пайымдамайтындай біздің елдің тиісті органдарында соншалықты таяз адамдар отырмаған болар?! Ол органдағы адамдар, қажет болса, өздерінің, елдің талаптарына сай келетін, түрі де, түбі де таза төре адамын табар еді ғой...

Бір топ талдықорғандық төрелер

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 26 (154) 20 маусым 2012 жыл

 

 

Төрелерге жауап: Ашық хат

"Дат" газетінде жарық көрген талдықорғандық төрелердің "Төре мен тораны шатастырмайық..." атты мақаласында айтылған жайттарға Арман Ақмұқанов есімді азамат өзінің қарсы жауабын жазып, редакциямызға жолдапты. Біз өз кезегімізде оқырманға түсінікті болуы үшін Арман Ақмұқановтың жауабын газетте жарияланған мақаламен қоса беріп отырмыз.

"Абай-ақпарат"

 

1998 жылдан бермен қарай есептегенде, қоғамдағы болып жатқан әр түрлі жағдайлардың қорғасын салмағын ауырсынбай, 14 жыл бойы тек қана алға қарай өрлеумен келе жатқан «Дат» газеті, тағдырдың жазуымен, мен де сіздермен жүзбе-жүз көрісіп, танысып отырмын. Оның себебі - сіздің басылым бетінде жарияланған «Нұрсұлтанды  хан көтеру төрелерге арман болып жүр ме?» деген мақала еді.

Әрине, мақала мазмұнын егжей-тегжейлі қайталап жатудың қажеттігі болмас деймін. Өйткені,әлгі мақала жарияланғаннан кейінгі санда сіздер,сол мақалаға қатысты, бір емес, үш бірдей адамның пікір-тілегін жариялап үлгеріпсіздер. Соның бірі - менмін. Мен онда «Газеттің бұл жерде кінәсі жоқ, бар кінә қоғамда үлкен дау тудырған редакцияға жалған ақпарат әкелуші деп білемін», - деп, көпшілік алдында өздеріңізді ақтап, ағымнан жарылдым. Өздеріңізбен сұхбаттасып, әңгіменің мән-жайына қаныққаннан кейінгі менің шын тұжырымым да осы еді. Оған қоса мен, сіздерге, халқымыздың рухани астанасы қасиетті Түркістан қаласында  жатқан аруақтарға ас беріп қайтудан басқа мақсатымыз жоқ біздің игілікті  ісімізді талқыға айналдырып: «Бұлар онда Құрылтай өткізбекші», - деп жалған мәлімет бергендер мен , Қожа Ахмет Яссауи кесенесі негізіндегі «Әзіреті Сұлтан» қорық-мұражайы бастамашылығымен алдағы уақытттарда өткізілмекші болып отырған  «Ханды таққа көтеру» деп аталатын көпшілік-театрландырылған қойылымының, сондай-ақ, өз сөздеріңізбен айтқанда, «Конституциялық монархияны Ту еткен Арман Ақмұқановтың тасасында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нұртай Абықаевтың тобы тұр» деген сіздің редакция тұжырымының шындыққа жанаспайтындығын  айтып: «  Мен бұдан былай сіздерден мұндай іске бармауларыңызды, көшедегі кез келген адамды тыңдамауларыңызды сұраған болар едім. Сіздер, қанша дегенмен, халықтық және патриоттық басылымсыздар ғой» - деп, уәж қойғам. Амал не, Сіздер, менің бұл тілегімді аяқасты етіп, іле-шала, яғни, газеттеріңіздің келесі, санында , менің жеке басыма тиісіп, басымнан аяғыма дейін қаралаған бір топ «атсыздардың» ғайбат мақаласын жариялап, жағдайды одан әрі ушықтырдыңыздар.

Осыған байланысты менің өздеріңізге деген үлкен ренішім бар. Мен, біріншіден, өзімнің осы көңіл-күйімнен сіздерді хабардар еткім келеді. Екіншіден, төренін атын жамылып, сіздердің басылымдарыңыз арқылы мені күйелеуші талдықорғандық атсыз бауырларыма хат жолдамақшымын.

Хатымнын басында айтарым - мен Алтын Орда хандарының тұқымынанмын. Менің төре екендігімде ешкімнің таласы болмасын. Өйткені, ол - ғылыми гендік тұрғыдан мөрлеулі нәрсе. Демек оны, «Алай ма, былай ма?» - деп әр саққа жүгіртудің сіздер үшін пайдасы жоқ. Ал, енді, менің  көтеріп отырған мәселемнің мәнісіне  келер болсақ, «Әр кімнің әр нәрседен бар таласы», - демекші, «Елімді ел қылсам!» деген сіздердегі ізгі тілек менде де бар. Алайда, әр адам өз әлінше қимылдайды. Бәлкім, менің іс-әрекетім ірілеу түсіп жатқан шығар. Ол - енді менің, бәлкім,  таланыма жазылған нәрсе. Көтере алсам - құп, көтере алмасам - жұт, оны маңдайымнан көрем. «Отызында орда бұзбаған, қырықында қамал алмайды» деген қазақта мақал бар, сол айтқандай, ер жетіп, ат жалын тартып мінген қай жігіттің де арманы - әйтеуір бір іс тындыру. Сіздер мұны «Аты шықпаған жер өртейдіге» саймаңыздар, ізгілікті мағынасында түсініңіздер. «Қазақ халқы жаратылысынан монархиялық халық. Қазақ - бір билікке бағынып келген ұлт» дейді жоба жасаушылар», - деп, құрылмаған Монархиялық партияның Жарияланбаған ішкі концепциясына  барлау жасап үлгерген «Дат» газетінің хабарламасы баяндағандай, халықты бір басшылыққа бағындырсам деген тілегім болған күннің өзінде, мен қазаққа кастық ойлап отырғаным жоқ. Көздегенім - елдің тұтастығы, бірлігі, амандығы. Ливиядағы, жалпы араб мемлекеттеріндегі болып жатқан масқараны ұрпақ көзікөрмесе екен деу. Әр түрлі жағыдайларды қақпалап келіп, амалын тапсам, бұқараны апаттан алып шығу. Осы мақсат менің миыма орнықты. Сол себепті де «Еуразия халықтарының бірлігі» қозғалысының жетекшілігін, «Бүкіләлемдік түркі халықтары конгресінің президенті» деген лауазымдарды иығыма алдым. Газеттің өткен санында мәлімдегенімді қайталап айтсам, менің құрмақшы болып отырған партиям дүниеге келетіндей болса, мен оны төрелер немесе найман, болмаса адай, не шапыраштының партиясы болады деуден аулақпын. Бұл партия ешкімді ұлтына, руына, жүзіне бөлмейді... Біз болашақ Еуроазиялық партия және болашақ Еуроазия халқымыз. Демек, біздің мақсат - тек Қазақстанмен шектеліп қалмай , шаңырақты биіктетіп, керегені кеңейте түсу. Бірауызды болсаң, істеген ісің береке тапса ,  саған басқа елдердің өзі-ақ тартылады.Оған, әрине, сөз жоқ, жалпыхалықтық қолдау керек. Менің өздеріңізден күтетінім де - сол. Ал, бұл жолда сүріндіремін десеңіздер, ол сіздердің ерік-қалауларыңыз. Ақыл-кеңес беремін десеңіздер - мен әзірмін. Тек, арыма тиіп, намысымды таптай көрмеңіздер. «Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді», - демекші, әлден, «Дат» айтқандай: «төрелер төртке бөлініп» (Құдай оның бетін аулақ қылсын), әр қайсымыз әр жаққа қарап жамырайтындай болсақ, онда, әрине, жағыдай белгілі дей  беріңіз.

Шыңғысхан бабамыз: «Қайда жүрсеңдер де мен сендерді көлеңкеммен қорғай жүремін», - демеді ме. Сол айтқандай, бәріміз де әуелі Алла, содан соң аруақтың ықыласынан дәмеліміз. Алайда, шын ықылас, шын көңілмен бастаса Құдайым құл пендесін қай істе де құр алақан қалдырмас деп үміттенем.

Әрине, аттары аталмаған абыройсыздау перденің артына қанша жасырынғандарыңызбен, мен сіздердің кім екендеріңізді шамамен топшылап  отырмын. Алайда, ала тайдай тулап, асығыстықпен, әлде қалай әрекеттерге баруға өзімді обалсындым. Қаншама ғасырлық ғаламат соққылардан қалжырап барып, қайта күш жинаймыз ба дегенде, ,дүйім жұрттың алдында, кілең төре болып, өзара салғыласуға көшсек, тірі масқара болғанымыз емес пе?Осыны ойлайық, бауырларым. Әңгімені қысыр сөзге айналдырмай, алдыңғы күндерден жақсылық күтейік.

Ал, менің ғайбатшыл бауырларымның аты- жөндерін ашып айтудан үзілді-кесілді бас тартып отырған нағыз партизан «Дат» газеті, менің сізге деген ашуымның да уыты тарқай бастаған секілді. Тек, айтарым - осыдан әрмен қарай ымыралы жүрсек. Тіпті, бір-бірімзді сынаған күннің өзінде ілтифатты болсақ.

Баршаңызға амандық тілеуші-Арман Ақмұқанов.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320