Эмомали Рахмон Франция президенті Эммануэль Макронмен және басқа да жоғары лауазым иелерімен кездеседі, деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.
Париждегі келіссөздерде Ауғанстандағы жағдай талқыланады. Франция мен Тәжікстан алғашқылардың бірі болып тәліптердің Ауғанстандағы билігін мойындауға қарсы шықты. Бұрын Франция билігі Ахмад Шах Масуд бастаған Солтүстік альянстың тәліптерге қарсы күресін қолдаған.
Рахмонның Брюссель мен Парижге сапары қарсаңында Тәжікстандағы саяси тұтқындар мен кепілдегілерді қорғау азаматтық комитеті Еуропарламент басшылығына шығып, тәжік билігі бақталастарының Тәжікстан президентіне алты талабын тапсыруды сұраған. Адам құқықтарын қорғаушылар саяси белсенділер мен олардың отбасыларын қудалауды доғаруды, түрмелердегі саяси тұтқындарды босатуды, саяси партиялар мен топтардың қызметіне кедергі жасамауды, ауған босқындарын елге кіргізуді талап еткен.
Эмомали Рахмон Парижде "Тәжікстан - алтын өзендер елі" тарихи көрмесіне қатысып, Тәжікстанның ЮНЕСКОдағы мәдени күндерінде сөз сөйлейді, деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.
Рахмонның Бельгия мен Францияға сапары барысында қуғындағы тәжік оппозициясының өкілдері Тәжікстан билігінің саясатына қарсы наразылық акцияларын өткізді.
Эмомали Рахмонның Еуропа елдеріне ресми сапары 14 қазанға дейін созылады.
Abai.kz