Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5272 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 13:11

Түркияны тамсандырған Алмас

Таяуда суретші Алмас Сырғабаевтың Түркияның бірнеше қалаларында жеке көрмелері өтті. Ыстамбұл қаласының мәдениет басқармасы мен халықаралық «Диалог Еуразия» платформасы ұйымдастырған алғашқы көрменің ашылуында Ыстамбұл жұртшылығының атынан сөз сөйлеген Салих Доған екі елдің ортақ мәдени құндылықтарына тоқталды. Ол қазақ пен түрік халықтарының танымдарындағы ұқсастықтарға, өнердегі ортақ әдістерге кеңінен мән беріп, суретшінің картиналарына жоғары баға берді.

«ДА» платформасының Қазақ­стандағы өкілі, қаламгер, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Мәлік Отарбаев екі ел арасындағы мәдени байланыстарға кеңірек тоқтап, су­ретші Алмас Сырғабаевтың шығар­машылығындағы көшпелі халықтар дәстүрлері мен өзгеше бояулар жайын­да өз бағасын берді. Қазақ­станнан барған бір топ қонақтың ішінен жазушы, журналист, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Ораз Қауғабай сөз алып, көрмені ұйым­дастырушыларға алғысын білдірді.
Алмастың Түркиядағы көрмесі Измит қаласында жалғасты.
«Seka - park» атты саябақтың адам­дар ең көп жүретін жерінде су­ретші Алмас Сырғабаевтың көрмесі қойылып, оған өнерге сусаған халық қатысып, көріп, суретшіге өз әсер­лерін айтып жатты. Суретші осы көр­меге әкелген ең таңдаулы деген 18 картинасына шолу жасап, жұрт­шылыққа қысқаша таныстырып шықты. Бұл картиналардың тақырып­тық ұқсастығы - қазақ жерінің, мә­дениетінің ерекшеліктері. Қазақтың тарихына, мәдениеті мен өнеріне, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына байланысты жұмыстары суретшінің шеберлігін таныта түсті. «Хан Тәңірі» сериясымен салынған суреттер, «Б.Момышұлы», «Күту», «Майгүл», «Көш», «Байынқол», «Дала төсіндегі жылқылар», М. Мақатаевтың шығар­масы бойынша салынған «Шеше, сен бақыттысың» сияқты картиналар көрермендерге қатты ұнады.
Суретшінің келесі көрмесі бұрын­ғы Осман империясының алғашқы астанасы - Бурса қаласында өтті. Бұл көрме де келушілердің ойла­рынан шықты.

Ақтан ҚОҢЫР

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965