Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2595 3 пікір 20 Қазан, 2021 сағат 12:46

Нью-Йорк соты Аблязов пен Храпуновқа айыппұл салды

Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Аблязов пен Ілияс Храпуновтың барлық наразылықтарын қабылдамай, оларға айыппұл санкцияларын салды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми сайты хабарлады. 


2021 жылғы 18 қазанда Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік сотының судьясы Элисон Дж. Натан М.Аблязов пен И.Храпунов берген түрлі қарсылықтарды қабылдамай, «БТА Банкі» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Бірлескен талапкерлер) бірлескен талап-арызы бойынша басталған сот қарауы кезінде заңсыз әрекеттері үшін оларға санкциялар салды.

Судья Натанның шешімінде Аблязов пен Храпуновқа санкциялар салған АҚШ бітістіруші сотының бұрынғы бірнеше қаулылары (2019 жылғы 3 шілде, 2019 жылғы 15 шілде, 2020 жылғы 7 ақпан, 2020 жылғы 19 мамыр және 2020 жылғы 3 қыркүйек) расталды.

Бұл шешім Соттың алдыңғы шешімдерімен қатар, Аблязов, Виктор Храпунов және Ілияс Храпуновтың Бірлескен талапкерлердің АҚШ-та ондаған миллион долларды жылыстатқаны үшін Аблязовқа, Храпуновқа және Triadou SPV SA жалған компаниясына қойылатын талаптары үшін «үлкен маңызы бар» дәлелдемелерді табуына кедергі келтіргенін анықтады.

Сот жауапкерлердің жасырған және қасақана жойған дәлелдері болғандығын, жалған айғақтар бергендігін, сот бұйрықтарын бұзғандығын және сот процесін «мысық-тышқан ойыны» ретінде қабылдағандықтарын анықтады.

Аталған шешімде айтылған нақты заңсыздықтардың ішінде сот мыналарды атап өтті:

- Аблязов «соттың одан дәлелдемелер ұсынуды талап еткен қаулысын орындамады»;

- «Аблязов өзінде жоғарыда аталған дәлелдердің жоқ екендігін мәлімдеді, бірақ бұл мәлімдеме оның өзінің ант беру арқылы берген айғақтарына қайшы келді»;

- Храпуновтар «ешқандай себепсіз бір де бір қаржылық есеп берген жоқ»;

- Сот «ақпаратты ашу тәртібінің негізгі бұзушысы» деп атаған Ілияс Храпунов Бірлескен талапкерлер өздерінің бірлескен талап-арызын беруден азғана бұрын өзінің барлық хаттарын өшіріп тастап, оның орнына «жүздеген» шифрланған электрондық пошта адрестерін қолдана бастады, содан кейін олардың ешқайсысына қол жеткізе алмайтындығы туралы «ойға қонбайтын» мәлімдемелер жасады;

- Ильяс Храпунов сонымен бірге өзі үшінші тұлғаларға жіберген электрондық хаттарын мойындаудан бас тартты және «ондаған немесе жүздеген миллион долларларға қатысты қаржылық операциялар туралы ештеңе білмеймін», деп мәлімдеді;

- Аблязов өзінің меншікті капиталы 20 миллиард АҚШ долларынан асатынын айтып, бірақ оған осы ақшаны табуға және басқаруға жәрдемдескен адамдарды атай алмайтынын мәлімдеді;

Заңсыз әрекет туралы осы және осыған ұқсас тұжырымдардың негізінде сот Бірлескен талапкерлердің пайдасына Аблязовтың 140 115,16 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл төлеу қажеттігі туралы шешім шығарды.

Сот И.Храпуновқа қатысты санкцияның мөлшерін оның мінез-құлқының салдарынан болған шығындар туралы Бірлескен талапкерлерден қосымша дәлелдер алғаннан кейін анықтайды.

Сот сонымен бірге «оның шешіміне кез-келген апелляция берілген жағдайда, бұл әрекет «шешімді өз еркімен орындаудан бас тарту» ретінде қабылданады» деп қаулы етті.

Нью-Йорк ісі Бірлескен талапкерлер атынан бес жыл бұрын М.Аблязовтың және оның сыбайластарының ұрланған ақшаны АҚШ-та жылыстатқаны үшін айыптауы бойынша басталған.

Бүкіл әлем бойынша Соттар анықтағандай, Аблязов жалған несиелер беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған доллар ұрлады – бұл үшін ол Қазақстанда сотталып, Ұлыбританияның соттарында азаматтық жауапкершілікке тартылды.

АҚШ-тағы сот талқылауы барысында талапкерлер Аблязов қылмыстарының қосымша елеулі дәлелдерін жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың көптеген куәлерінің айғақтарын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Нью-Йорктегі алқабилеріне қатысты сот ісін 2022 жылдың ақпан айында бастау жоспарлануда.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475