Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 921 0 пікір 21 Қыркүйек, 2021 сағат 23:08

Адамдар үшін басты қағидаттардың бірі тұрғын үй мәселесі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

Жолдауда: Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму; Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; Сапалы білім беру; Өңірлік саясатты жетілдіру; Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру; Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау; Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы атты мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бес бастаманы ұсынды. Олар: ең төменгі жалақы деңгейін өсу бағытында қайта қарау және оны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш   ретінде орынсыз пайдалануды тоқтату; өз жұмысшыларының жалақысын көбейтуге ынталандыратын «ұтымды» шараларын әзірлеу, атап айтқанда реттелетін сатып алуды   ынталандыру және мемлекеттік қолдауға жеңілдікпен қол жеткізу; микро және шағын бизнес үшін жалақы қорынан бірыңғай төлемді 34% -дан 25% -ға дейін төмендету; мәдениет саласы қызметкерлерінің, техникалық жұмысшылардың, жүргізушілердің және басқа кәсіп өкілдерінің жалақысын көтеру; қолжетімді тұрғын үй ипотекасының бағдарламасын әзірлеу.

Адамдар үшін басты қағидаттардың бірі тұрғын үй мәселесі болып табылады, делінген Жолдауда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұтас тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. «Оның әкімшісі ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банк» болады. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша азаматтардың арасында тұрғын үйді есепке алу мен бөлуді қамтамасыз ету міндеті тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасына оң баға беріп, Зейнетақы жинақтарын одан әрі пайдалануға қатысты айтты. «Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банкіндегі» шотқа жеткіліктілік шегінен жоғары аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Бұл сондай - ақ қаражат жинау, оларды сауатты басқару әдетін ынталандыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ел Президенті. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің ағымдағы жылғы жұмысын қысқаша қорытындылап, заң жобаларын одан әрі сапалы әрі терең пысықтау қажеттігін атап өтті.

Қанат Байұзақов, саясаттанушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391