Бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан әйел дүниеге бала әкелді
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Англиялық Эмма Майнорс комада жатқан күйінде өмірге бала әкелді.
lifenews.ru хабарлағандай, қыз бала хиругтардың қатысынсыз дүниеге табиғи жолмен келіпті. 23 жастағы анасымен нәресте 14 күн өткен соң ғана табысты. 14 күн бойы қыз бала ессіз күйде жатты. Дәрігерлердің айтуынша, жеті айлық нәресте мен анасының денсаулығы бірқалыпты. Эмма Майнорс есін жиып, босанған кезі есінде болмаса да, ана атанғанына аса қуанышты екенін айтқан. Әйелдің айтуынша, ол тек іштей күшті қимылдарды ғана сезінген. Colchester General ауруханасының дәрігерлері мұны Эмма Майнорс комада жатып-ақ өз баласының дүниеге келуіне көмектесті деп түсіндірді.
Айта кетейік, Эмма Майнорс өкпе қабынуына ұшырап, комаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, босанған әйелдің тірі қалғаны бірегей жағдай екен. Себебі комаға түскен кезде әйел денесін қозғалта алмайды әрі онысымен өзіне және баласына қауіп төндіретін көрінеді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.