Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2105 0 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 09:34

Президент Ұлттық жобалардың іске асуына көңілі толмаса, түзету енгізіп отырады

Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін. Бірақ бөлінген қаражат пен күтілетін нәтижесі өзгертілмейді. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог-2» сұхбатының кезекті санында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық жобалардың тағы бір ерекше сүзгісі – адамдарға бағытталуында. Мемлекет басшысы бұл туралы да айтқан болатын. Осынау 10 ұлттық жоба негізгі қоғамдық игілік деп айтуға болады. Оның әрбір азаматқа қатысы бар. Әр азаматтың тұрмысын, өміріне қанағаттану деңгейін, білімі мен денсаулығын, экологияны, мемлекеттік қызметтерді, қауіпсіздікті, тіпті дастархандағы асымызға дейін осы Ұлттық жобалар айқындайды. Азаматтар бұл арқылы Үкіметтің әрекеттері олардың күнделікті шындығымен қаншалықты сәйкесетінін түсінуі керек», - деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол жобалардың іске асуын Президент Әкімшілігі қадағалап, қажет болса Президент тапсырмасымен түзетулер енгізіліп отыратынын айтты.

«Біріншіден, Ұлттық жобалардың іске асырылуына Президент әкімшілігі тарапынан да, жобалық кеңсе тарапынан да тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл тұрғыда Ұлттық жобалар әлдеқайда икемді құрал деуге болады. Ондағы кез келген дүниені өзгертуге болады. Тек күтілетін нәтижелер мен бөлінген қаражатты ғана өзгертуге болмайды. Оның үстіне Ұлттық жобалардың іске асуына жалпы саясат тұрғысынан Президенттің көңілі толмаса, түзету енгізу үшін тапсырмалар бере алады. Бұл Жолдау немесе Үкіметтің кеңейтілген отырыстары аясында жария түрде де, жекелеген тапсырмалар түрінде де айтылуы мүмкін», - деді Дәурен Абаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434