Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 963 0 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 10:35

Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған

Пандемия жағдайындағы мемлекеттің дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын ұлттық жобалар құнды болып табылады.

Сондықтан ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілеті, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың әл-ауқатының артуы, экономикалық өсім, ғылым, технология және білім, денсаулық сақтау ісі, мәдениет, экология және табиғатты тиімді пайдалану стратегиялық ұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Осы орайда, 2021 жылы 1 қыркүйектегі Президент Жолдауында: «Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады», деп айқындалып отыр.

Қоғам мүшелерінің қажеттілігін мемлекеттің қамтамасыз етуі және ұлтты ішкі, сыртқы қауіптерден қорғауды көздеген Жолдаудың өзегін адам, ұлт, халық денсаулығы, ұлттық мүдде құрайды. Республикадағы қазіргі саяси-экономикалық дамудың басты факторы - өмір сапасының, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктердің, өмір сүру салты мен өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетінің айырмашылығынан туындайды. Бұл мәселе саяси жағдайға, дамудың тұрақтылығы мен халықтың қауіпсіздігіне үлкен ықпалын тигізетін фактор.

Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» бағыттарында маңызды шаралар ұсынып отыр.

Нұрбике Бексұлтанқызы, журналист

Abai.kz

 

 

 

0 пікір