Жұма, 15 Мамыр 2026
2463 0 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 12:33

Алматыда ұшақ пен көлік соқтығысты

Алматы әуежайында ұшақ пен көліктің қатысуымен оқыс оқиға болды.  Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда көліктің ұшақтың қанатының астына кіріп кеткені көрінеді.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі магистраль мен такси жолының қиылысында ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соқтығысқанын растады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Ұшақтың FlyJet.kz тиесілі екендігі туралы ақпаратты әуежай да растады. Ұшақ Бакуден ұшып, 22 қазан күні таңертең сағат 6:43-те Алматы әуежайына қонған.

Көлік полициясы басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігімен (Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігінің жұмысын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2736
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1854