Ермұрат БАПИ. Алтыншы оқтан абайла
Біздің анықтама: «Халықтық IPO» бағдарламасы мемлекеттік компаниялардың акцияларын қор нарығына сату бойынша шығаруды қарастырады-мыс. IPO-ға бірінші болып «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы шығады (компания акцияларын ұсыну 2012 жылдың қыркүйегінде басталады). Одан кейін 2013 жылы IPO-ға «KEGOC», «AIR Astana», «Қазмортрансфлот» ҰТКК», «Самұрық-Энерго» және «ҚазТрансГаз» компаниялары шығады. 2014-2015 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК, «Қазтеміртранс», «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз» IPO өтеді.
«IPO» деген не пәле? Осы «АйПиО» деген жұмбақ атауды жалпақ жұртқа қазақша атап, мән-мағынасы мен мақсат-мұрасын қазақша түсіндіруге болмай ма? Әлде бұл науқан кезінде билік басындағылар оңаша өткізген жекешелендіру сияқты қазақты тағы да алдап соғудың амалы ма?
Біздің анықтама: «Халықтық IPO» бағдарламасы мемлекеттік компаниялардың акцияларын қор нарығына сату бойынша шығаруды қарастырады-мыс. IPO-ға бірінші болып «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы шығады (компания акцияларын ұсыну 2012 жылдың қыркүйегінде басталады). Одан кейін 2013 жылы IPO-ға «KEGOC», «AIR Astana», «Қазмортрансфлот» ҰТКК», «Самұрық-Энерго» және «ҚазТрансГаз» компаниялары шығады. 2014-2015 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК, «Қазтеміртранс», «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз» IPO өтеді.
«IPO» деген не пәле? Осы «АйПиО» деген жұмбақ атауды жалпақ жұртқа қазақша атап, мән-мағынасы мен мақсат-мұрасын қазақша түсіндіруге болмай ма? Әлде бұл науқан кезінде билік басындағылар оңаша өткізген жекешелендіру сияқты қазақты тағы да алдап соғудың амалы ма?
Таяуда ІРО тақырыбына талдау жасаған ҚазТАГ агенттігінің шолушысы: «Билік басындағылар жоспарлап отырған «халықтық IPO» орыс рулеткасына ұқсас», - деп, жақсы теңеу тапқан екен. Расында, орыс рулеткасында револьвердің алтыншы оғымен ойнау - тағдырды тәлкек қылғанмен бірдей. Шүріппені басқанда, револьвер құр атылса, аман қалғаның. Ал басқаша болғанда, тоғыз грамм қорғасын миыңнан «мекен табады». Екі мүмкіндіктен басқа таңдау жоқ.
Ақпарат агенттігі айтқандай: «бақуатты қазақстандықтар ұлттық компаниялардан үлес алып, басқаруға қатысады және үлесақы ала алады; зейнетақы қорлары алынған активтерді тиімді түрде басқарып, кіріс тауып, қазақстандықтарды байытады» дегенге сену қиын. Себебі қазіргі Қазақстанда ауыз толтырып айтарлықтай қор биржасы жоқ.
Ал бағалы қағаз саудалайтын ондай биржа болмаса, «кез келген қазақстандық» ұлттық компаниялардың үлесін қалай сатып алмақ? Қазақстанда қалыптасқан жемқорлық саудасымен сатып ала ма? Жоқ әлде әлдебір қаржы алпауытына пара бере ме? Тіпті солай болған күннің өзінде ол параны қай жерге апарып береді: көшеде немесе парақор прокурордың кабинетінде ме?
Ал сұрақ саумалдамай айтар болсақ, бүгінде кез келген қазақстандық біздегі ұлттық компаниялардың үлесін сатып ала алмайды. Себебі бұл сауда-саттықтың не механизмі, не заңдық негіздері жасалмаған. Тіпті, сатып алған күннің өзінде қаржы-экономикалық балансы жабық жағдайда көпшіліктің қадағалауынан тыс жүргізілетін ұлттық компанияға есі дұрыс қазақстандық ақша сала қоймасы айдан-анық.
Ал «ІРО» саудасы басталып кетті деген күннің өзінде оны кім сатып алады? Экономика институтының бөлім меңгерушісі, экономист Аманжол Қошановтың Статистика агенттігінің деректеріне сілтеме жасаған пікірінше, «Қазақстандағы орташа айлық табыс 103 пен 517 доллар арлығында, оның өзінде жұмысшылардың үштен бір бөлігінен астамы 310 доллардан кем алады» екен.
Ал Қазақстанның іскер әйелдер одағының төрайымы Меруерт Қазыбекова халықтың әлеуметтік құрылымы жайлы мынадай пікірде: «Қауым - бәліш секілді, оның жоғарғы қабаты - бай адамдар, олар небәрі 12 пайыз. Әрі қарай жағдайы орташа халық - 20 % және 50% - кедей адамдар».
Дұрыс-ақ! Бірақ Қазыбекова ханымның «бәлішіндегі» 100 пайыздың қалған 18%-ы қайда? Ол 18 пайыз бәліштің қай қабатына жатады?
Дегенмен, сонда да елу пайызын кедейлер, жиырмасын - орташалар құрайтын, яғни халықтың 70 пайызы күнелтудің қамында жүрген елде қор биржасында сауда жүргізу мүмкін бе? «Бәліштен» жоғалған 18 пайыздың жартысы орташадан жоғары тұратын халық десек те, елдің «ІРО» саудасына жарамдысы жиырма пайыздың маңындағы топ болады екен. Бұл 15 миллион халықтың небәрі үш-ақ пайызы. Ал енді осы 15 миллионның ішіндегі еңбекке толмаған бала-шаға мен шал-шауқан зейнеткерлерді алып тастасаңыз, «АйПиО»-ның айналасында ат төбеліндей ғана адам қалады екен. Өткендегі бір республикалық жиында Нұрсұлтан Назарбаев елде сегіз миллионға жуық зейнет салымшысы бар деген еді. Шамасы, президенттің осы дерегінің өзі дәнекүс болса керек. Бүкіл ауыл жұмыссыз жатқан елде халықтың тең жарымынан астамы еңбекақы табатын салымшы дегенге дені дұрыс адам илана ма? Ал Қазақстан халқының жартысы ауылда тұрады деген дерек рас болса, президенттің «сегіз миллионы» - «періп қалған» сөз болғаны.
Ал Аманжол Қошановтың «103 пен 517 доллар» арасында табыс табатындары туралы айтсақ, олар өлмес күнін әрең көріп жүрген әлеуметтік топ екені сөзсіз: 103 доллар табатындар - қара су мен қара нанға қамалғандар. Оның өзінде күніне бір-ақ рет қара нан кеміріп, қара суды арықтан алып ішпесе, 15 мың теңгемен бір ай жан бағу әсте мүмкін емес. Ал «517 доллар» дегеніңіз - төрт адамдық отбасына айына жиырма мыңнан келмейтін табыс. Сонда бұлар жиырма мыңның қаншасын үнемдеп, «ІРО» акциясын сатып ала алуы мүмкін?
Сол сияқты 310 доллардан кем табыс табатын жұмысшылардың үштен бір бөлігі күнделікті нан табуды ғана ойлайды. Демек, осы қарапайым арифметиканың өзінен ұлттық компаниялардың акцияларын тек байлар ғана сатып ала алады деген сөз. Ондай жағдайда елдегі байлар мен кедейлердің арасындағы жарқышақ бұрынғысынан да ашыла түспей ме?
Түседі! Түскенде қандай: ырбиып кетеді.
Дегенмен, билік басындағы тоққарын «оптимистер» «халықтық IPO» шын мәнінде халықтық болатынына сенімді. Себебі «халықтың өзі зейнетақы қорлары арқылы активтерді басқарады» дейді олар. Бұл енді нағыз надан былшыл! Қарабұлақтағы қай қазақ қай қорға барып, оның басқару ісіне араласып жүр?
Ол салымшы қор басқармақ түгілі, сол қорда өзінің қанша қаржысы бар екендігін көрсететін анықтама қағазды күні бойы шіретке тұрып әрең алатынын ескерсек, «басқару - былшыл!» демеске лаж қалмайды.
Біздегі зейнетақы қорларын басқару сапасының төмендігін есепке алсақ, оған сенім арту - нағыз ақымақтық. Зейнетақы қорларының қызметі қазіргі кезде ашық әрі жария жүргізілмегендіктен, ел азаматтарының активтерді басқаруға қатысу мүмкіндігін түбірімен теріске шығаруға болады.
Ендеше «АйПиО»-ға ақша салу - револьверді самайға тіреп, тәуекелмен шүріппені басып қалудан әсте кем болмаса керек. Тапанша оқшантайындағы алтыншы оқ ұңғыға тап келмесін деңіз! Дәл келсе, шынында да, «ОйБайО!» деуге демің жетпей, кете барасың...
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 28 (156) от 04 июля 2012 г.