Сенбі, 23 Қараша 2024
1356 0 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 17:06

Алматы облысында Жетісу әдеби клубы «Жусан иісі» әдеби байқауын жариялады

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен  «Janr» Жетісу әдеби клубы жазушы Сайын Мұратбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Жусан иісі» әдеби байқауын жариялады, деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы. 

Аталмыш «Жусан иісі» атты әдеби байқауын өткізуге Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігі қолдау білдірген. Abai.kz ақпараттық порталы байқау ережелерін оқырман назарына ұсынады.

1.Жалпы ережелер

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің 85 жылдығына орай, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен  «Janr» Жетісу әдеби клубы Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің қолдауымен  «Жусан иісі» атты әдеби байқау  өткізеді.

2. Байқаудың мақсаты:

1) Қазақ әдебиетіне өшпес із қалдырған қаламгерді еске алу;

2) Жазушының шығармашылығын насихаттау;

3) Жас қаламгерлердің шеберлігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау әрі оларды ынталандыру;

4) Әдеби процеске серпін беру.

3. Байқаудың шарттары:

1. Байқау бір номинация (әңгіме жанры) бойынша өтеді.

2. Байқауға 18 жастан асқан барлық авторлар қатыса алады.

3. Байқау еркін тақырыпта өтеді. Бірақ әдепсіз сөздері бар, тәрбиелік құндылығы төмен, басқа бір адамның, ұлттың ар-ожданына нұқсан келтіретін шығармалар жіберілмейді.

4. Байқауға бұрын бәйгіге түсіп, жүлде алған шығармалар мен газет-журналдарда жарияланған әңгімелер қатыстырылмайды.

5. Шығарманың көлемі 30 (А4 нұсқасында, 14 шрифт, Times New Roman шрифі) беттен аспауы шарт.

6. Автор байқауға жіберген шығармасына авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді. Әрі шығармаларының БАҚ , жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді. Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады.

7. Шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Жазушының стиліне, шығарманың көркемдік ерекшелігі мен мазмұнына баса мән беріледі.

8. Шығармалар 2021 жылдың 15 қазанынан бастап, қараша айының 15 жұлдызына дейін қабылданады. Байқаудың қортындысы жеңімпаздарға арнайы хабарланып, әлеуметтік желіде жарияланады.

9. Байқауға ұсынылатын шығармалар oqy_zaly@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады. Бір автор бір шығарма ұсынуға құқылы. Автор бәйгіге қосқан шығармасымен бірге өзі туралы толық мәлімет беруі керек.

(атыжөні, қызметі, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны).

10. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Олар марапаттау салтанатына келіп-кету шығындарын өз мойнына алады.

11. Байқауда барлығы үш орынға жүлде тігіледі. Қосымша ынталандыру сыйлықтары тағайындалады.

1-орын.  300 000 тг

2-орын.  200 000 тг

3-орын.  150 000 тг

12. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Кітапхананың интернет ресурстарында орналастырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522