Цой ақылы вакцина туралы: 2-5 мың теңге аралығында
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинация құны қанша тұратынын айтты.
"Мен ол жағын айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент қой. Бірақ жалпы алғанда, вакциналар тым қымбат емес, арзан. Мысалы, түрлі вакциналарды алып қарастыратын болсақ, онда олардың бағалары әртүрлі шекте ауытқиды – 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Сондықтан баға белгілеу сатып алу бағасына байланысты", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкімет отырысында.
Оның айтуынша, келесі жылдан бастап нарыққа шығарылатын вакциналардың қосымша пулын іске қосу үшін негізгі дистрибьюторлар бұл мәселе бойынша ақпараттандырылып, жұмыс істеп жатыр.
Abai.kz