Тоқаев Женеваға маңызды келіссөздерге барады
30 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) XII министрлер конференциясына қатысу үшін Женеваға барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.
"30 қарашада өтетін министрлер конференциясының ашылу салтанатына президент міндетті түрде барады", - деді СІМ басшысы үкімет отырысында.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы БҰҰ және ДСҰ басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Швейцария Президентімен және инвесторлармен келіссөздер жүргізеді.
Министрлер конференциясы 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Бастапқыда ол 2020 жылы Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарланған, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты шара кейінге қалдырылды.
Abai.kz