Жұма, 22 Қараша 2024
Көкмұнар 3359 5 пікір 27 Қазан, 2021 сағат 17:21

Қазақстан-Ресей байланысы: Елшіміз не дейді?

Кеше Мемлекеттік Дума пленарлық отырысында «Дербес деректермен алмасу саласында әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы» заң жобасы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мемлекеттері арасында қабылданды.

Бұл келісімге мемлекет басшылары былтыр 18 желтоқсанда қол қойған болатын.

Ресей Әділет Министрлігі басшысының орынбасары Андрей Логиновтың айтуынша, қабылданған заң жобасы мемлекеттік басқару орындарына және судья лауазымына қызметкер тағайындаған кезде барлық мәлеметті ұсыну болып саналады, яғни сайланушы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттары, шетел азаматтығын алған я алмағаны туралы құжат, визалары, жылжымайтын мүлкі, мүліктік сипатындағы міндеттемелері, шет мемлекеттің аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған не тартылмағаны туралы барлық ақпараттар алынып, келісімге келген мемлекеттер арасында еркін таратыла алады.

Тақырыпқа тұздық:

Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев:

«Қазақстан Каспий өңірін бірыңғай көлік-логистикалық, туристік және білім беру хабы ретінде қарастырады. Екіжақты байланыстың әлеуеті әлі де өз күшінде. Әсіресе өңіраралық ынтымақтастыққа жіті назар аударылады. Мәселен, бірінші жартыжылдықта Қазақстан өңірлері мен Астрахан облысы арасындағы тауар айналымы 8,2 млн АҚШ доллорына жеткен. Астрахан облысында Қазақстан капиталы салынған 34 кәсіпорын тіркелген», - дейді Елшіміз.

Дипломат Астрахан шекара маңында сауда орталығын салуды, өзара өнім алмасуды ұлғайтуды, Қазақстанда кеме жасауға тапсырыстар алуды, Каспийде жаңа круиздік маршруттар ашуды қолға алу керек деп санайды.

«Оған қоса Астрахан облысында Ресейдегі ең үлкен қазақ диаспорасы – 160 мыңдай адам  қоныстанған. Бүгінде қазақтар көп шоғырланған аймақтың 20 жуық мектебінде қазақ тілі оқытылады. Астраханда орналасқан ЖОО, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында 1,5 мың Қазақстан азаматтары білім алуда. Сондықтан мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға да үлкен мән беріледі», - деді Ермек Көшербаев.

Айжан Темірхан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320