Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2456 0 пікір 10 Шілде, 2012 сағат 12:17

Оңтүстік Қазақстанда шекара бекетіндегі атышулы оқиғада жаңа деректер пайда болды

Оңтүстік Қазақстанда шекара бекетінде болған атышулы оқиғада жаңа деректер пайда бола бастады. Облыс тұрғындары әскери тергеушілердің әрекетіне наразы.

Олар "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдына наразылыққа шықты. Сарыағаш ауданынан келген бір топ тұрғынның айтуынша, Көктерек ауылында шекарашы лейтенант пен жергілікті тұрғындар арасында төбелес шыққан. Шекарашы көлікке және ауыл адамдарына қарсы оқ жаудырған.

Автоматтан атылған оқ сол маңда бейқам кетіп бара жатқан бір тұрғынға тиіп, ол ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмды. Осыдан кейін аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Үш күдіктіден сұрақ-жауап алынып жатыр. Ал тұрғындар тергеу амалдары біржақты жүргізіліп жатыр деп есептейді.

Әскери киімде болмай тұра қолына автомат ұстап алып, АКА-74 автоматын ұстап алып, ауылға қарай оқ атады. Оқ атқан кезде әншейін аспанға да атпайды ол. Адамды өлтіру үшін көздеп тұрып атады балаларды.

Ана кісіні өлтірген әскериді судан таза етіп шығарған. Кінәлі сол, адам өлтірген. Ал біздің балаларымыз оқ жеген. Түсіндіңіз ба, қашып кетті. Біз баламызды алып келіп бердік. Ақиқатты тексер деп. Баламды жақтамаймын. Жазасын алсын. Бірақ оған "билікке қарсы" деген бап қойып отыр. Бұл жерде бұзақылық болған ғой.

Тұрғындар сондай-ақ, сарбаздарды шекараны контрабандалық табыс көзіне айналдырып отыр деп айыптайды. Ал ұсталған күдіктілер, сол маңда жүк тасушы болып жұмыс істеген көрінеді. Бірақ, билік партиясының өкілдері бұл мәселеге орай жиналған жұрт алдына шығып жүздеспеді.

Ал шекара қызметі тергеу ісінің қалай жүргізіліп жатқанын ашып айтқан жоқ. Енді күдіктілердің туыстары Президент пен құзырлы орындарға шағымданып хат жазбақшы.

Дереккөз: nur.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394