Жұма, 15 Мамыр 2026
4812 0 пікір 29 Қазан, 2021 сағат 15:27

АҚШ Сұлтанбековты Қазақстанға экстрадициялай ма?

Қазақстан АҚШ Әділет министрлігіне Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековты экстрадициялау туралы өтініш жолдады. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. 

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауы бойынша "Астана LRT" компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке Ішкі істер министрлігінің Интерпол арналары арқылы халықаралық іздеу жарияланғанын айтты.

"Қанат Сұлтанбековтің АҚШ аумағында анықталуына байланысты оны экстрадициялау туралы сұрау АҚШ Әділет министрлігіне жіберілді. Өтініш америкалық тарапта қаралып жатыр", - деді Қазақстанның Бас прокуроры.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2752
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1869