Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
3000 1 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 16:10

Антирекорд: Ресей вирустан қырылып жатыр

Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясынан 1155 адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресейдегі коронавирус бойынша жедел штаб хабарлады. 

Жаңа өлімнің басым бөлігі Мәскеуде – 96 және Санкт-Петербургте – 85 тіркелген. Ресейде коронавирус құрбандарының жалпы саны 239 693 адамға жетті. Жалпы, Ресей Федерациясында пандемия басталғаннан бері COVID-19 8,5 миллионнан астам адамда анықталып, оның 7,3 миллионы сауығып кеткен. 1 996 569 науқас дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.

Ресей вирустың өршуіне байланысты елді 7-қарашаға дейін қатаң карантинге жапты.

Abai.kz

1 пікір