Сенбі, 23 Қараша 2024
2358 2 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 17:53

Елімізге 16 мыңға жуық қандас қоныс аударды

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бері қандастардың жартысынан көбі (76,3 пайыз) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5 пайыз - Қытайдан, 6,1 пайыз -Түрікменстаннан, 2,5 пайыз - Моңғолиядан және 5,5 пайыз басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен, Алматы (28,3 пайыз), Түркістан (13,4 пайыз), Маңғыстау (19,1 пайыз) және Жамбыл (8 пайыз) облыстарына, сондай-ақ, Шымкент (10,5 пайыз) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1 пайызды және зейнеткерлер 16,8 пайызды құрайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375