Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3359 0 пікір 16 Шілде, 2012 сағат 07:30

Бір сот ақтап, бір сот даттап

ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

Менің осы мақаланы жазуыма негізі себеп, Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа жолдауында атап көрсеткен сот төрелігі мен судьяларыдң әділетсіздігі, аппеляциялық сатыдағы шағымдардың негізсіз кері қайтарылуы. Осы орайда соттар мен судьялардың атын атып, түрін түстеп баспасөз бетінде ашық ариялауды айтқан болатын. Сондықтан мен өз басымнан өткен оқиғаны оқырмандар қауымына ұсынуды жөн көрдім. Бірде сот, брде ауруханамен күнім өтіп, екі жылға жуық созылған мәселенің шегіне жете алмай күйзеліске түстім. Сәл шегініс жасап көрсек, оқиға былай болған еді.

ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

Менің осы мақаланы жазуыма негізі себеп, Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа жолдауында атап көрсеткен сот төрелігі мен судьяларыдң әділетсіздігі, аппеляциялық сатыдағы шағымдардың негізсіз кері қайтарылуы. Осы орайда соттар мен судьялардың атын атып, түрін түстеп баспасөз бетінде ашық ариялауды айтқан болатын. Сондықтан мен өз басымнан өткен оқиғаны оқырмандар қауымына ұсынуды жөн көрдім. Бірде сот, брде ауруханамен күнім өтіп, екі жылға жуық созылған мәселенің шегіне жете алмай күйзеліске түстім. Сәл шегініс жасап көрсек, оқиға былай болған еді.

2010 жылдың қыркүйек айының 29-нда балам Бауыржан Хамитов көршіміз Полина Оспанова және ұлы Дастанмен өзара келісіп, 20 ірі қара мал мен 56 бас қойды қосып, «Саба» учаскесінде кезекпен бақты. Бұл үш отбасы біріккен кезек болатын. Жиені Қуанбай Жақыпов деген азамат бар. Ұлым 15 күн кезегін өтеген соң, қара малдан бюрцеллез ауруы шығуына байланысты тапсыратын болып үйге келді. Кезекті бұзбайын деп қазанның 16-нан 28-не дейін мен бақтым. П.Оспанова мен ұлы Дастан ауыл мен қаланың ортасында жүрді. Ол тек сол күні ауылдан келді, қасында Тасболат Смағұлов, ол: «Мен бауыржанмен кезекті ауыстым, 7-ші қарашаға дейін мен сессияға кетем, кейін мына азамат менің орныма қалады. Ал мен сіздерді ауылға жеткізем» деді. Сөйтіп екеуі қалды. 210 жылғы 4 қарашада «мал жоғалды» деген ауыл азаматы Серік Рахымовтан естідік, балам қырға барса П.Оспанованың малы түгел (жалпы 107 бас қой) екен. Тек менің 19 саулық қойым және Қуанбай Жақыповтың 4 қойы жоқ екен. Содан ауыл азаматы Мақсат Қасенов пен ұлым Бауыржан іздеуге шықты. Мен тағы 9-нан 17-не дейін ұлымның орнына кезекке бардым. Сол күні (17.11.2010) Қозы Оспанов (үй иесі) Қуанбай Жақыпов келіп, мен ауылға қайтпақшы болдым.

Қ.Оспанов қайтуыма қарсылық білдірді. Түн ішінде жаяу қайтамын деген соң амалсыздан алды. Мен хабарлап қояды деп сескенсе керек. Малымды түгендеп алып кетемін деген соң сенді. Екі күн ауырып жатып 20 қарашада аудандық ішкі істер бөліміне хабар бердім. Арнайы тексеру үшін С.Сейілханов пен М.Белікбаев келді. «Саба» жайлауындағы малға жауапты П.Оспанова мен ұлы Дастанға бардық. Қосқанда қойымыз 56 болатын, бесеуін сол учаскеде Ермек Бекеновке П.Оспанованың қатысуымен қарызын қайтарған. Қалған 51 қойдың 19-ы жоқ. 32 тоқтыны С.Сейілханов пен М.Белікбаевтың көзінше санап алдым. Жауапкер П.Оспановаға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері С.Сейілханов: «Бақыт апай ұлымен ауылда болғанда сіздер жайлауда мал бақтыңыздар. Малдың жоғалуына кінәлі сіз бе, әлде ұлыңыз ба?»- дегенде П.Оспанова ойланып отырып, ұлын қорғау үшін «мен кінәлімін, түзеп қайырып әкеле алмадым» деп жауап берді. 22 қарашада ауыл азаматтары Н.Топанов пен Е.Төкенов және ұлым Бауыржан 32 бас тоқтыны жүк машинасына тиеп алып қайттық. Содан ішкі істер бөліміне 3 рет, аудан әкіміне 2 рет, прокуратураға 2 рет барып, осы лауазым иелерінің сотқа беріңіз деген шешімдерімен аудандық сотқа жүгіндім. Оған дейін 6 ай өтіп кеткен екен. Өзім Қаратерек деген аудан орталығынан 70 шақырымдай шалғай ауылда тұрамын. Сөйтіп келер жылы, 2011 жылдың 22 сәуірінде шақыру бойынша П.Оспанова мен оның ұлы және мен аудандық сотқа бардық.

П.Оспанова облыста тұратын ет жақыны Салтанат Халикованы, ұлы Дастанды ертіп келді. С. Халикова соттан бұрын сөйлеп тәртіп бұзды. Сот  Е.Идиров бұл кездесу сотқа дейінгі кездесу екенін айтты. П.Оспанова жоғалтқан малдың құнын төлегісі келмейтінін, биыл тағы да бізбен бірге мал бағысса екен деген ойын айтты. Мен сенен жерің емес, малымның төлемін сұрап тұрмын деп келіспедім. Куәлардың жазбаша жауабын апарып едім, сот өздерін әкелуді талап етті. Отырыс 29 сәуірге қалдырылды. Аталған күні П.Оспанова мен ұлы Д.Оспанов келді. С.Халикова себепсіз келмей қалды. Мен ұлым Бауыржан Хамитов, куәгерлер: ауыл азаматтары Қ.Уызбаев М.Қасенов бардық. Сотта бәріміз шындықты айтып бердік, П.Оспанова мен ұлы Д.Оспанов өз кінәләрын мойындады. Ештеңе дәлелдей алмады. Қойдың бағасына келісті. Сот келесі мерзімге қалдырылып, куәләрсыз келуімді талап етті.  П.Оспанова мен туысы С.Халикова және мен келдім. Мен тек ғана адал малымның ақысын төленуін талап етіп, бензинге кеткен және моральдық шығынымды өтеуден бас тартып, кешірім ретінде өтініш жаздым. С.Халикова өзінің бұған дейінгі сот отырысына келе алмаған себебін айта алмастан, қойдың бағасына келіспейтінін, менің өз малымның құнын өндіруді талап етуім дұрыс емес екенін, малдың иесі ұлы,- деп жөнсіз дау салды, ол «менің қыз күнімдегі фамилиямды ұқпаса керек». Сонымен қоймай П.Оспанованы көзімізше үгіттеп, сот шығып кеткенде «Мына кісіге 500 000 теңге айып салу керек»- деп өтініш жаздыртып, сот мүшелерінің біріне ұсынды.

Судья Е. Идиров қайыра кіргенде өтінішті көріп «не үшін дегенде?» үндей алмай қалды. Бұрын да менің заң органдарына арызданғанымда (22.01.2011 жыл) П.Оспанова учаскелік инспекторға (Манарбек Жанаев) осы көлемдегі қаржыны атап жазған болатын. Алайда инспектор одан бас тартқан. Сотта осы туралы айтқанымда, П.Оспанова «Мен жай қорқытайын деп жазғам, оны қайтып аламын ғой», деп күле жауап қатқан. Осы жолы өз айтқанын өзі мойындап, ұлым екеуіміздің шындықты жазып, ар-намысына тимегенімізді жазбаша мойындады. Сонымен, 06.05.2011 жылы менің арыз талабым бойынша Оспановтардың мойындауынша аудандық соттың әділ шешімі шықты. Онда Оспановтардың кінәсінен жоғалған малдың құны - 285 мың теңге және мемлекеттік төлем - 2850 теңге деп көрсетілді. Алайда, малға үй иесі Қ.Оспанов пен туысы С.Халикованың малдың құнын төлемеу үшін әр түрлі «себеп» айтып, облыстық сотқа аппелияциялық шағым түсірген. (Осы екі ортада ұлы Дастанды бір жыл бұрын жібермей, кейіннен жауаптан қашырып, әскерге өздері жіберген). Сонымен 08.07.2011 жылы облыстық сотқа келдім, шақыру бойынша тәртіпті бұзбайын деген ниетпен. (№ 2 қалалық ауруханадан 07.07.2011 жылы шыққан едім).

С.Халикова қорғаушысы Акижанова және судья Ю. Мирзоян тағы да бір-екі мүшелер, мен, менің талабым бойынша аудармашы қыз болды. Тағы да С.Халикова соттан бұрын сөйлеп, жұлқынып тәртіп бұзды. Судья ескерту жасап, мен қойған сұрақтарға ғана жауап беріңдер деп, отырыс тәртібін түсіндіріп, маған қысқаша 4-5 сұрақ қойып, қайыра мазаламады. Есесіне айыпкер Полина Оспанова мен туысы, сенімді өкілі С. Халикова мен қорғаушы Акижановаға еш дайындықсыз келгендерін, ешбір судья заңды бұзбайтынын, дәлелдеріңізді куәларды алғашқы сатыда сотта айтылуы керек еді. Үйіп-түгіп маған не дәлелдейсіңдер? Р.Қасенов деген кім? Біздің аудандық соттың шешімін бұзуға құқығымыз жоқ деп әжептеуір қысымға алды. Қорғаушы Акижанова мен С.Халикова ортасында отырған П.Оспановаға тап-тап беріп, «Бәрі сенің кінәң, біз білмедік қой» - деп, өзара қырқысты. С.Халикова орнынан ұшып тұрып, аудандық соттың судьясы Е.Идировта өші кеткендей «Мен мұны жоғарғы жаққа жаздым. Неге жауап жоқ?» - деп, өзінен-өзі ызаға булығып, бір қағазды қос қолдап төбесіне көтеріп, орнында селкілдеп кетті. Судья Ю.Мирзоян «Не деген нервный адамсындар, отыр орнына»- деп, қолын сілтегенде С.Халикова ашуға булыққан күйі орнына отырды. Оны мен емес шешетін, коллегияда қарайды. Маған аңықтамалар, куәләр керек, келесі кездесуге 21 шілдеде келесіздер, деп сот отырысын кейінге қалдырды. Аталған күнде жауапкер П.Оспанова, С.Халикова, Акижанова, мен бардым. Жалғыз баруымның себебі, Ю.Мирзоянның айтуына қарағанда әділ шешім болатын шығар деген үмітім болды. Содан жауапкер П.Оспановаға сөз берілгенде алғашқы сатыдағы сөздеріне қарама-қайшы шығып, жалған сөздерді айтты. 1 ай 20 күн 1 жайлауда, бір үйде тұрып бақтық деп мойындаса, бөлек бақтық, кезек болған жоқ деп жалтарды. Алайда неге қарама-қайшы сөйлейсің, үшінші кезектің адамы бар ғой,- деп Ю.Мирзоян бірінші шақырымда айтқан болатын. Қағаз бойынша әкелген куәгерлерін атап өтті. Олар Рысқали Қасенов (бұрын аудандық ішкі істер бөлімінде істеп, жауапқа тартылып сотталған, Тасболат Смағұлов ақыл-есі кем жандардың есебінде тұрған азамат, Рақымжан Тауов зейнеткер, күйеуімен бірге үйінің жұмысын атқаратын адам).

Осыған орай Ю.Мирзоянның алғашқы кездесуде айтқан сөздерінің «Неге алғашқы сатыда бұлар болмады, бұлар қайдан шықты» - деп аузыма салған сөздерін өздеріне қайталап бердім. Сөз кезегі келгенде бұл жерде ұрлық та, қылмыс та бар екенін, баласы Дастан қала мен екі ортада жүргенде еш жерде тіркелмеген мылтықты әкелгенде «әкесі де білмейді, милиция көрсе жанымызды шығарады, аузыңнан шықпасын дегенің қайда дегенімде» П.Оспанова үнсіз қалды. Студентке мұнша қаржы қайдан келді? Кезінде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тексеру жүргізгенде С.Халикова бөгет жасағанын айттым.

Ашуға булыққан С.Халикова Сенің «клеветанды» шығарамын,- деп дірілдеп анасындай маған сес көрсетті.

Бұл судьяның сотың екінші шақырылымында Оспанованың сөзін сөйлеп, өтемақы төленбейтіні туралы шешім шығарғанда алғашқы сөздері «түлкібұлаң» екенін түсіндім. Екінші рет аудандық соттың шешімін бұзуға қақымыз жоқ деген ол «алтын көрсе періште жолдан таяды» дегендей аудандық соттың шешімін өзгертті.

Кейіннен жалғыз қалған маған «өзіне де сол керек» дегендей П.Оспанова мен С.Халикова, Акижанова Ю.Мирзоянды құттықтап, рахметін айтып, бірін-бірі құттықтап жатты. Мұндай көріністі бірінші рет көрдім.

Содан жоғарғы сатыдағы заң адамдарына арызданып, әділдікке жетейін десем, Ю.Мирзоянның шешімі қолыма тимеді. Сұрастырып іздеп барып (03.08.2011 жылы) кейіннен 25 күн дегенде әрең алдым. Сол арада менің арызданатынымды біліп, С.Халикованың ақылымен Оспановтар облыстық прокуратураға арыз берген, осы сатыдағы жалған сөздерімен. Жоғары сатыдағы арызым бойынша 25.10.2011 жылы барғанымда сот төрағасы Т.Махватов аппелияциялық шешімді қарап, алғашқы сатыдағы шешімді кімдер құптайды деп ара-жігін ажыратып алғанда прокурор А.Күзеков, С.Халикова, Акижанова, П. Оспанова бір жақ, Курчатов қаласынан келген ұстаз ұлым Хамитов Ержан екеуіміз болдық аудандық соттың шешімін құптаған.

Сот барысын мемлекеттік тілде жүргізуін талап еттім. Алайда сол Т.Т.Махватов өзге ұлттың өкілі де отыр ғой, деп орыс тілінде жүретінін айтты. Аудармашы жігітті шақырды. Сот сөз кезегін маған бергенде «Мен жала жауып, жалған сөйлемеймін, алғашқы сатыдағы соттың шешімі дұрыс, айыпкер Оспанова аппелияциялық сотта жалған сөйлеп, жоғалған мал жайында емес, ауданның судьясы  Е.Идировты айыптаумен болды. Ауданның прокуратурасына күдігімді кезінде жазған едім» дей бергенімде де судья Т.Махватов сөзімді бұзып жіберді де мемлекеттік тілден мүлдем мақұрым прокурор А.Күзеков Оспанованың сарынымен келісімшарт, акт жоқ, мал таулы жер болған соң жоғалған деп, біздің ауданның жазық жер екенін білмейтіндігін аңғартып, орыс тілінде жазылған бір парақ ақ қағазды ұстаздың алдында тұрған кінәлі оқушыдай төмен қарап отырған күйі естілер-естімес күйде оқып берді.

Ұлым Хамитов Ержан: «Ауылда көрші тұрған туыс, бірігіп өзара келісіммен мал бағады. Бір-біріне сенеді, керек жағдайда бірін-бірі ауыстырады. Аналық қойлар тоқтыларын тастап кетпейді. Таулы жер емес, бізде жазық жер іріктеліп алынған мал белгілі, жай кезек емес, бөлек бақтың деуі қате, себебі үшінші адам Жақыпов Қуанбай 4 бас қойын жоғалтып отыр», деді, орыс тілінде. Кезек П.Оспановаға келгенде ол алғашқы сатыдағы сөзін айтып, «мен кінәлімін, таулы жерде ие бола алмадым» дей бергенде жанындағы С.Халикова жаны шыға бүйірінен «ыңқ» еткізіп қалғанда айыпкер Оспанова сөзін жалғастыра алмады.

Күлкі қысып өзімді өзімді өзім әрең тежедім, ал сот, прокурор мүшелері төмен қарап үнсіз қалған.

Сот кезекті берді ме бермеді ме С. Халикова ұшып түрегеліп «Мына тетрадь іске жарай ма, жарамай ма ол жағын білмеймін» - деп көне дәптерді соттың алдына апарды. Ол дәптермен не дәлелдегісі келгені білгісіз ол басқа нүктеде болған әр адамның жеке меншік малының есебі. Мөрі басылған құжат емес. Р.Қасеновтың малының есебі. Алайда сол дәптерде не жазылғанын көз шұқып айтқан сот та жоқ. Осы көріністен кейін сот төрағасы Т.Махватов өзара мәжіліс болатынын хабарлап, біздің сыртта тосуымызды талап етті. Тысқа шығып қайта оралсам, ішке енер есіктің сыртына атпалдай екі азаматты қойып қойыпты. Бұларды кім алып кетеді екен, сонша неге ұзақ ақылдасып жатыр, шүйкедей ауыл әйелінен сескенгені ме деген ой келді, хабар жетіп қайыра ішке ендік.

Сіздер әділ шешіңіздер, болмаса жоғарғы сотқа барамын деген ойымды бүкпестен айттым.

Сол күні ештеңе шешілмей іс 01.11.2011 жылға қалдырылды. Аталған 01.11.2011 күні қайыра сотқа ұлым екеуіміз келдік. Мұндағы былық-шылықты білсе керек, өзге ұлттың өкілі қатыспай қалды. Алғашқы аудармашы жігіт те болмады. Сөйтіп сот құрамы бес күннің ішінде осылайша өзгерді. Негізсіз дәлелдермен бұл «қазақша» жазыпты деп, менен үлкен мін тапқандай өзге тілде сайрап С.Халикова мен қорғаушы Акижанова нені дәлелдегенін білмеймін, әйтеуір екі парақ қағазын алып оқып шықты.

Прокурор А.Күзеков алғашқы отырыстағы сарынымен тетрадь, акт, келісімшарт жоқ дегеннен әрі ештеңе айта алмады. Тағы да бірдеңе бүлдіріп алармын деді ме, екі иығы төмен түсіп, ештеңе айтпастан жауапкер П.Оспанова тұрды. Дәптер жайлы айттым, актімен алатын мемлекет меншігі емес, өз малдарымды милиция қызметкерлерімен түгелдеп алдым. Ал келісімшартқа келер болсақ, ұлы мен екеуі өзара ауызша келісіммен келіскен, оны алғашқы сотта мойындап, кейіннен бізден жазбаша шартты талап етті, төлемеу үшін тағылған айып. Сот Т.Махватов әлсіз тұсымды байқайын деді ме, «егер ол адамның орнында сіз жоғалтып алсаңыз қайтер едіңіз?» деген сауалға мен алдымен жоғалтпаушы едім. Сіздердің шеше алмай отырған мәселелеріңізді, қазақтың бір қара шалы «Көршіңе қиянат жасама, жетім- жесірдің  ақысын жеме» деп тыйым салатын. Ар қайда, ұят қайда?- дедім. Даусым қаттырақ шығып кетсе керек, сот сілейіп тұрып қалды. Нақты куәгер 4 қойдың иесі, кезек болмады дейсің, үшінші адам бар ғой, деп алғашқыда П.Оспановаға шүйіліккен сот тағы да бір пәленің ұшы шығар деп сескенсе керек, өздері шақырған куәгер Қуанбай Жақыповты шығарып жіберді.

Аудармашы маған қойылған 3-4 сұрақтан басқа ештеңеге жаны қиналған жоқ. Өзге тілде сайраған, ақшаға жалданған бикештердің  тетрадь, акт, договор деген сөздерінен басқа ұққан мен жоқ. Сөйтіп сот «малдың құны төленбейді, бұл шешіммен келіспеген жағдайда жоғары сотқа арыздануға құқыңыз бар» деп соңғы сөзін айтты. Оған С.Халикова Р.Акижанова П.Оспанова қуана қойған жоқ. Себебі, түпкі мақсаттары орындалған жоқ. Олар жоғары сатыда мені қыспақтап, материалды кері қайтарып алуға деген пиғылмен жала жапты, деп айып төлеттірмек болған. Мәселені ушықтырып, мен түгілі бір ауданның лауазымды адамдарын місе тұтпай жүрген Салтанат Халикова кім өзі?! Меніңше алушы мен берушінің арасында жүрген «делдал» ғана. Кезінде сот жүйесінде жұмыс істеген, қазір тамыр-таныстығы бар, соны желеу етіп, бұрын да дәніккен болуы керек. Бірақ адамдардың барлығы аңқау емес. Оған алғашқы сатыдағы сотта бетін қайтарып тастағам «басын сыймайтын жерге, тұмсығында тықпа» деп, оның да себебі бар. Екі жылдай уақыт болды. Біздің ауылдың 4 жігіті А.Ережепов М.Смайылов, А.Өтебаев, А.Ыбыраев Астанадан Павлодарға құрылыс мастері болуы керек, бір азаматты зорлықпен ұрлап әкеле жатқан жерінде қалаға кіреберісте милиция қызметкерлері арқылы ұсталып, жауапқа тартылады. Адам ұрлығы деген қылмысты іске орай 4 ай қамауда жатып, 7 жылға сотталды.

Соның бірі Оспанова Полинаның сіңлісі Ережепова Маржанның ұлы болатын. Өтебаевтар жамағайын туыстары еді. С.Халикова «Мен сенімді өкіл боламын, Көкшетаудан адвокат әкелемін» деп, уәде етіп ата-аналары малдарын сатып қаншама шығындалған.  Дер кезінде ұсталған азаматтардың қылмысын жәбірленушінің жағындағы мықты заң қызметкерлері дұрыс дәлелдеп С.Халикованың аузын да аштырмаған. Содан туыстары арасында кикілжің басталып, араз туындаған. «Апасы салған желекті сіңлісі салды дегендей» П.Оспанованың «сенген қойы» осы.

Мен 64 жастағы жалғызбасты анамын. Мемлекет тарапынан еш несие алмай, қолымдағы малыммен күн көрісімді көріп отырған зейнеткермін. Адал ақы малымды өндіремін деп, бес рет облыстық сотқа, 4 рет ауруханаға жатып күйзеліске түстім. Бірақ, басыма түскен қиыншылықтарды көтере білетін, мұндай дау-дамайда шегіне дейін жеткізе білетін, кеңестік дәуірдің өзінде ешкімнен тайсалмай өз ана тілімде жеңіске жеткен тұстарым көп.

Ендігі үмітім жоғарғы сотта.

Ауылдың жайын, халықтың жағдайын білетін, жәбірленуші мен куәгерлердің сөзіне сенген ар-ожданнан  аттамаған аудандық соттың шешімі дұрыс па, әлде тамыр-таныстық жең ұшынан жалғасқан сыбайластық, менсінбеушілік, мемлекеттік тілден мақұрым бюрократтық қалыптан шыға алмай, адам құқығы емес, өз құлқынын ойлаған, ауыл адамын 300 шақырымнан бес рет келуге мәжбүр еткен, әуре-сарсаңға салған, бірін-бірі жақтап, әділетсіздік танытқан облыстық соттардың шешімі дұрыс па? Оны жоғары сот ажырата жатар.

Менің түйгенім, әр сот тәуелсіз болу керек. Себебі жергілікті жерде шешілген мәселе дұрыс болғанда жоғарыдан билік жүргізудің керегі жоқ, кезінде бұл сатыдағылар алынып тасталған. Адамдардың құқығы бұзылып, әрі-бері жүгірмеуі үшін. Бір сот ақтап, бір сот даттаған заман-ай! Әлде заман емес, адамдар өзгеріп кеткен бе?! Жоғары сот «тура биде туған жоқ» деген бабалар қағидасын ұстана ма? Шындықты жоғары сот отырысынан соң білермін.

Бақыт Бектұрқызы,

Май ауданының Құрметті азаматы,

Қаратерек ауылының тұрғыны,

Павлодар облысы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366