Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3731 0 пікір 19 Шілде, 2012 сағат 08:22

Айбек Аташев. Зекет

Заман мен адамның, он сегіз мың ғаламның, күллі ризық тағамның иесі шексіз ұлық, кемшіліктен пәк, әуелгі мен ақтықтың иесі Алла Тағалаға өзі қалағандай мақтаулар болсын. Оның сүйікті әрі ардақты құлы һәм соңғы елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Тәуелсіздік таңы атып, еліміз өз алдына іргелі мемлекет болып қалыптасқалы халқымыз ежелден қабылдаған, ата-салтымызға айналдырған дініміз қайта оралды. Мұнысына Құдайға шүкір. Дініміз күн санап өркендеп, қанатын кең сермеп, халқымыз ислам қайнарларынан сусындауға қол жеткізді, яғни имандылыққа бет бұрып мұсылмандығымыз артты десек артық айтпағандық болар. Құдіретті Раббымыз бізді жоқтан бар етіп, жансызға жан берген, екі дүниені жаратып; бірін - пәни-өткінші сынақ дүние етіп, екіншісін - бәқи-мәңгілік және есеп-қисап беретін дүние етіп жаратқан, жер жүзін сіз бен бізге мекен еткен, міне осы жер бетіндегі барша мақлұқтардың ішінде ақыл-қабілетті, сөйлейтін, келбетті, көркем бейнеде қасиет беріп адам етіп жаратқан. Сол адамзат баласының ішінде сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы біз қазақ халқы рухани дүниесі бай және мұсылманшылықтың бес парызын еш назардан тыс қалдырмай ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ел екендігіміз әмбеге аян. Ислам дінінің қадір-қасиетін терең бойлап түсінген атамыз қазақ қай заманда да жоқ-жітікті, жетім мен жесірді далаға тастамаған дана халық.

Заман мен адамның, он сегіз мың ғаламның, күллі ризық тағамның иесі шексіз ұлық, кемшіліктен пәк, әуелгі мен ақтықтың иесі Алла Тағалаға өзі қалағандай мақтаулар болсын. Оның сүйікті әрі ардақты құлы һәм соңғы елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Тәуелсіздік таңы атып, еліміз өз алдына іргелі мемлекет болып қалыптасқалы халқымыз ежелден қабылдаған, ата-салтымызға айналдырған дініміз қайта оралды. Мұнысына Құдайға шүкір. Дініміз күн санап өркендеп, қанатын кең сермеп, халқымыз ислам қайнарларынан сусындауға қол жеткізді, яғни имандылыққа бет бұрып мұсылмандығымыз артты десек артық айтпағандық болар. Құдіретті Раббымыз бізді жоқтан бар етіп, жансызға жан берген, екі дүниені жаратып; бірін - пәни-өткінші сынақ дүние етіп, екіншісін - бәқи-мәңгілік және есеп-қисап беретін дүние етіп жаратқан, жер жүзін сіз бен бізге мекен еткен, міне осы жер бетіндегі барша мақлұқтардың ішінде ақыл-қабілетті, сөйлейтін, келбетті, көркем бейнеде қасиет беріп адам етіп жаратқан. Сол адамзат баласының ішінде сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы біз қазақ халқы рухани дүниесі бай және мұсылманшылықтың бес парызын еш назардан тыс қалдырмай ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ел екендігіміз әмбеге аян. Ислам дінінің қадір-қасиетін терең бойлап түсінген атамыз қазақ қай заманда да жоқ-жітікті, жетім мен жесірді далаға тастамаған дана халық. Бұған өткен тарихымыз бен ата-бабадан қалған салт-дәстүрiмiз, дiлiмiз, дiнiмiз куә. Данышпан Абай атамыз да: «Кең болсаң, кем болмайсың» - деген жүрек жарды сөзімен үлкен мағынаны меңзеген. Қаблиса жырау бабамыздың да жүрегінен шыққан мына төмендегі алмас қылыштай  өлең шумақтары да бұған бұлтартпас дәлел болады:

Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,

Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.

Бергенің береке болып ахиретте

Жұмақтың биігіне жетектейді.

Ай, мұсылмандар, жарандар,

Малыңнан зекет беріңіз,

Бірлігін Хақтың біліңіз.

Хақ жолымен жүріңіз,

Пәк болады дініңіз! деген екен.

Зекет сөзі араб тілінде өсу, көбею, тазару деген мағыналарды білдіреді. Демек, зекет беру арқылы мұсылман адамның мал-мүлкіне Алла тағала береке беріп, көбейте түседі деген сөз. Сондай-ақ, зекет беру арқылы мұсылман адам қолындағы байлығын түрлі рухани ластықтан тазартады. Адамдардың көкейіндегі сараңдық қасиеттерін азайтып, басқаларға қол ұшын беруді үйретеді. Өзгелерге жәрдем етудің рахатын сезіндіреді. Адамның көкірегінде пайда болатын ашкөздік пен дүниеқұмарлық секілді сезімдерден тазалап, тәкәппарлық пен сараңдықтан тыяды. Осылайша зекет, адамды рухани сауықтырып, жүрегін тазалайды. Құран зекеттің адамдарды рухани тазалайтындығын мына аятта айтып өтеді: "Олардың малдарынан зекет ал. Зекет арқылы оларды тазалап, нәпсілерін тәрбиелейсің" (Тәубе, 103 аят). Сондай-ақ, Алла тағала Құран Кәрімде «Олардың мал-мүлкінде сұрап келетін және мақрұм қалған адамның ақысы бар» - дейді (Зәрият, 19 аят). Бұл аяттардың негізінде зекеті берілмеген байлық, өзгелердің ақысы араласқан байлық болып есептеледі. Ал, оның иесі Алла құзырында өзгенің ақысын жеп отырған арамзамен тең болады. Зекетті мойындамай оны бермегендерді жазғырып Алла тағала Құранда: «Мүшріктерге от азабы болады, себебі олар зекет бермейді және ақиретті де мойындамайды.» - дейді (Фуссилат, 6,7 аяттар). Нисабы (күнделікті қажеттіліктен артық мөлшер) жеткен мал-мүліктің зекетін беру, оны осы харамнан тазалайды. Сол секілді зекет арқылы қоғамда жасалатын ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық қылмыстар азаяды. Байлар мен кедейлер арасындағы алауыздықтың алды алынады. Міне осылай Алла тағала тек зекет берушіні ғана емес, жаппай қоғамды да рухани кемелділікке жетелейді.

Зекет беру Ислам дінінің бес діңгегінің бірі. Құран Кәрімде намазды орындаңдар деп келген әмірмен бірге зекетті беріңдер деген Рахман бұйрығы әрдайым қатар жүреді. Алла тағала өзінің қасиетті кітабында 32 жерде мүміндерден зекет беруді талап еткен. Сонда да, адамның шамасынан тыс міндетті оған жүктемейтін Мейірімді Раббымыз нисабы жеткен мал-мүліктің 2,5 пайызын ғана зекет етіп беруді талап етеді. Сансыз нығыметті беріп, адам баласын құрметтеп көтерген Жаратушының жолына байлығының 2,5 ғана пайызын арнау, сараңдық ауруына ұшырамаған Жаппар Хақтың құлдарына сірә қиын болмаса керек.

Исламның ең маңызды ерекешеліктерінің бірі, материя мен рухтың, дүние мен ақиреттің арасында құрған тепе-теңдігі. Әрбір мәселеге тек қана материялдық тұрғыдан қарамай, ахыреттік рухани жағынан да қарап қортындылауы. Зекет осы тұрғыдан маңызды. Өйткені зекет, рух пен материя арасында құрылған байланыс және тепе-теңдік негіздерінің бірі.

Ислам, байлықтың белгілі бір адамдардың ғана қолында болуының қате екендігін айқын білдіреді. Хашр сүресінде, фәй ретінде дұшпаннан алынған малдың таратылу тәртібін көрсеткен аятта былай делінеді "Байлықтың, тек байлардың арасында ғана айналып жүрмеуі үшін деп..." (Хашр, 7 аят). Сондай-ақ зекет, байлық пен нығметтерді берген ұлы Жаратушыға шүкір болып табылады. Оның әміріне бас иіп, оған құл екендігін білдірудің бірден бір жолы. Адам зекет беру арқылы пәни және өткінші болған мал дүниесін, мәңгілік болған бақиға ауыстырады. Берген аз мөлшердегі малының есесіне ақиретте таусылмайтын еселенген сауапқа қол жеткізеді. Баршамызға асыл дініміздің бес парызының бірі - зекетті өз шарттары мен қағидаларына сәйкес, жүйелі түрде Алланың разы болатынындай беруімізді және екі дүниеде де жүзіміз жарық жүруімізді жазсын!

Әумин!

ҚМДБ Зекет қорының

Астана қаласы бойынша өкілі - Аташев Айбек

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320