Қазақстанда жаңа колониялар салынады
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңадан төрт колония салу қай аудандарда жоспарланғанын айтты. Ол бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы үлкен жоба екенін атап өтті.
"Алдағы үш жылда біз Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында осындай төрт мекеме салуды жоспарлап отырмыз. Әрбір колонияның сыйымдылығы 1,5 мың жазасын өтеушіге арналады. Осы колониялардың әрқайсысында арнайы индустриалды аймақтар қарастырылады, бұл аталған мекемелер аумағының 50 пайызға жуығын алып жатады деген сөз", – деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістегі үкімет сағатында.
Ішкі істер министрлігінің басшысы 3 қарашада Мәжілісте жаңа түрмелер салынатынын хабарлаған еді.
Abai.kz