Алматыда жаппай ревакцинация басталады
Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша айының соңында басталады. Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір қалада үш вакцина тіркелген: ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Vero Cell. «Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. Ревакцинация – адамдардың бірінші және екінші екпеден кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші - күшейткіш. Мұны біз ревакцинация деп атаймыз», - деді Ибрагимова.
Ол вакцинация немесе ревакцинация алдында антиденелерді тексеру жүрмейтінін айтты.
Abai.kz