Cаакашвили ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді
Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын аштық жариялаған Михаил Саакашвили ауруханаға жатқызылды. Оны түрмеден тікұшақпен алып шыққан.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Рустави түрмесінен Тбилисидегі тұтқындарға арналған ауруханаға ауыстырылды. Бұл туралы Грузияның арнайы қылмыстық атқару қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап «Рустави 2» телеарнасы хабарлады.
«Тұтқын Михаил Саакашвили денсаулығының нашарлауына жол бермеу үшін айыпталушылар мен сотталғандарға арналған 12-ші түзеу мекемесінен №18 емдеу мекемесіне ауыстырылды», - деп хабарлайды қызмет телеарнасына сілтеме жасап.
Михаил Саакашвилидің Рустави түрмесінен шығарылғаны туралы оның анасы Джули Аласания бұған дейін хабарлаған еді. Саакашвили 1 қазанда Грузияда ұсталды. Ол сегіз жылдан кейін алғаш рет муниципалдық сайлау қарсаңында туған еліне оралды. Грузияда экс-президентке қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Саясаткер қамауға алынғаннан кейін бірден аштық жариялады, ал жақтастары оны босату үшін митингтер өткізуде.
Abai.kz