Сенбі, 23 Қараша 2024
2621 2 пікір 9 Қараша, 2021 сағат 11:48

Ресей нөмірін таққан жүргізушілер наразылық білдірді

8 қарашада Нұр-Сұлтандағы халыққа қызмет көрсету орталығы маңына 100-ден астам жүргізуші жиналып, Ресей нөмірін таққан көліктерге қысым жасамауға шақырды.

Жүргізушілер сөзінше, Ресей нөмірлі көліктерді кейінгі күндері жол полиция жиі тоқтатып, тексеруді күшейткен. Жүргізушісіне айыппұл салып, көліктің өзін айыппұл тұрағына алып кеткен жағдайлар көбейе бастаған.

Осыдан 6 ай бұрын Ресейден 4 миллион теңгеге көлік сатып алған ол дәл сондай көлік Қазақстанда 8 миллион тұратынын айтады. Өйткені Қазақстанда көлікті мемлекеттік тіркеуге қою өте қымбат. Өзі мініп жүрген көлікті тіркеу үшін 3-4 миллион теңге төлеуге тиіс.

Наразылыққа жиналғандар "Армениядан әкеп, тіркелмей жүрген көліктерге уақытша сары нөмір беріп, билік жеңілдік жасады, бізге де сөйтсін немесе мемлекеттік тіркеуді қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей етіп арзандатсын" деген талаптар қойды.

Қазақстанда шетел нөмірімен жүрген көліктерге байланысты мәселе бұрын да көтерілген. Армениядан көлік әкеліп, Қазақстанға тіркемей жүргендерге 2019 жылы жаппай тексеру басталғанда жүргізушілер осыған ұқсас талап айтып, Қазақстанның әр өңірінде наразылыққа шыққан. Содан кейін билік оларға "рақымшылық" жасап, Армения, Қырғызстан, Ресейден әкелген көліктерді 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап уақытша тіркеуге қойып, арнаулы сары нөмір берген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445