Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2891 14 пікір 11 Қараша, 2021 сағат 18:47

Алматы облысында 30 жыл ішінде 14,5 млн., шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы облысында 30 жыл ішінде 14,5 млн., шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс тұрғындары үшін құрылыс саласы әрқашан маңызды саланың бірі болып қала бермек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеме жасады.
«Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы аясындағы Алматы облысын дамыту туралы» баяндамасын қалың көпшілік назарына ұсынған өңір басшысы Алматы облысында 30 жыл ішінде 14,5 млн., шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің пайдалануға берілгенін айтып өтті.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бір миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырса, оның 835,4 мың шаршы метрі пайдалануға берілген.

Бүгінгі күні 1824 пәтерлік 271 тұрғын үйге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, оның 741 пәтерлік 121-і пайдалануға беріліп, жеке құрылыс салушы мамандарға 952 пәтерлік 13 үй ұсынылған.

Айта кету керек, бүгінде 1307 отбасы баспаналы болса, оның 327-і көп балалы және әлеуметтік осал топтағы отбасы.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475