Қазақстанға келушілер азайып, кетушілер көбейген
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 7,2 мың адам келген, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 21,5%-ға аз.
Жыл басынан бері елден 25,3 мың тұрғын кеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1 пайызға артық..
15 жастан асқан еңбекке қабілетті тұрғындардың ішінде техникалық мамандықтар бойынша – 782 адам, экономикалық – 394, педагогикалық – 289, медициналық – 227, заңгер – 132, сәулет-құрылыс саласы бойынша – 91 адам, 76 – ауыл шаруашылығы мамандығынан биыл Қазақстанға келген.
Елден 4,1 мың техникалық, 2 мыңы – экономикалық, 1,3 мыңы – педагогикалық, 699 – медициналық, 488 – заңгерлік, 355 – сәулет және құрылыс, 173 – ауыл шаруашылығы саласының мамандары кеткен.
Abai.kz