Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауғы тыйым салды
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі елден бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.
«Автомобиль өндірушісі ұсынған жанар-жағармайларды және газ цистерналарында әкетуді қоспағанда, Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салынады», - делінген құжатта.
Бұйрық 2021 жылғы 21 қарашадан бастап күшіне енеді. 14 қазанда елорда тұрғындары сұйытылған газ тапшылығына тап болғанын жазған еді.
Қазанның 12-сі күні Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов сұйытылған газды отын ретінде пайдаланатын көліктер санымен бірге оны тұтыну да артқанын айтты. Энергетика министрлігінің мәліметінше, еліміздің ішкі нарығы ай сайын 145 мың тонна газ тұтынса, өндірушілер 120 мың тонна газды жеткізеді. Соның салдарынан ай сайынғы газ тапшылығы шамамен 25 мың тоннаны құрайды.
Abai.kz