Сейсенбі, 15 Қазан 2024
1855 0 пікір 16 Қараша, 2021 сағат 11:40

Қазақ-өзбек жауынгерлері бірлескен жаттығу өткізеді

Ағымдағы жылдың 17-24 қарашасы аралығында Өзбекстанның оңтүстігіндегі, Ауғанстанмен шекаралас Термез аудандық полигонында қазақ-өзбек бірлескен оқу-жаттығуы өтеді.

Бірлескен маневрлердің мақсаты – бірлескен міндеттерді шешу барысында бауырлас екі мемлекеттің қарулы күштерінің үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру.

Оқу-жаттығуға Қазақстан тарапынан 100-ден астам әскери қызметші қатысады, көпфункционалды Су-30СМ жойғыштары, С-295 әскери-көлік ұшақтары, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары да жаттығудан көрінбек.

Қазақстандық бөлімшелердің жауынгерлік даярлығының міндеттеріне іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, қарсыластың алдыңғы қатарлы жасақтарын жою, шабуылға тойтарыс беру және заңсыз қарулы құралымдарды жою, жаралылар мен жарамсыздарды эвакуациялау кезіндегі жауынгерлік қарауыл бөлімшелерінің іс-қимылдарын жаттықтыру кіреді.

Abai.kz

0 пікір