Сенбі, 23 Қараша 2024
2436 15 пікір 16 Қараша, 2021 сағат 17:00

Цой екпе алмаған баланың құқығын шектей ме?

Вакцина алмаған балалардың сауда орталықтарына кіруіне шектеу ойлап табу қарастырылатыны туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

- Қазіргі уақытта шектеу тек ересек адамдар үшін қолданылады. Ал болашақта балалар үшін бұл мәселе қарастырылады, – деп жауап берді Алексей Цой.

Үкімет аясында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинадан кейін Ashyq-та балалардың мәртебесі пайда болады ма деген сұраққа жауап берді.

Министр: “әзірге тек ересек адамдарда ғана”, – деп жауап берді.

12 қарашада ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинадан кейін балалар вакцина паспорттарын алатынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Pfizer вакцинасын егу басталды. Қазірдің өзінде 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел вакцина алды.

20 қарашаға дейін вакцинаның екінші партиясын жеткізу күтілуде.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504