Сейсенбі, 15 Қазан 2024
1816 1 пікір 17 Қараша, 2021 сағат 13:52

Қазақстан ағылшынды меңгеру рейтингінде 96-орында

EF English Proficiency Index бүкіл әлем бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қатысты зерттеу жүргізді. Мәліметтер бойынша Өзбекстан 112 елдің ішінде 88-орынды иемденген. Бұл Орталық Азиядағы ең жақсы көрсеткіш саналады. 

Рейтингте Өзбекстан Албания мен Сирия арасында орналасқан ағылшын тілін білу деңгейі "өте төмен" деп бағаланған елдер тобына енді.

Орталық Азияның елдерінің ішінде Қазақстан 96-шы орында, Қырғызстан - 101 және Тәжікстан - 103. Рейтингке Түркіменстан кірген жоқ.

Ағылшын тілін білу бойынша тізімде Нидерланды, Австрия және Дания көш бастап тұр.

Соңғы бір жылда адамдардың тіл үйренуге деген қызығушылығы күрт төмендеген. Пандемияға байланысты адамдар аз саяхаттай бастады, іс-сапармен аз жүре бастады және тілді үйрену немесе білу деңгейін сақтау қажеттілігі жойыла бастаған.

Abai.kz

1 пікір