Сейсенбі, 15 Қазан 2024
2114 0 пікір 17 Қараша, 2021 сағат 14:00

Шортандыда газ жарылып, 3 адам қаза тапты

Ақмола облысының Шортанды кенті, Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. 

Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, "Жер Ана" ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Пәтерде өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде.

Abai.kz

0 пікір