Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3782 0 пікір 28 Шілде, 2012 сағат 10:03

Зымыран уақыт және Зырян қаласындағы дамулар салтанаты

- Мемлекет дамуы ұлттар достығына байланысты. Сондықтан еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың өзегіне айналған ұлтаралық келісімді нығайтып, бір шаңырақ астындағы келесімде өмір сүруіміз қажет. Бүгін ашылып отырған ескерткіш соның бір жарқын дәлелі болғай - деді Бердібек Сапарбаев Зырян ауданына барған сапарында.

- Мемлекет дамуы ұлттар достығына байланысты. Сондықтан еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың өзегіне айналған ұлтаралық келісімді нығайтып, бір шаңырақ астындағы келесімде өмір сүруіміз қажет. Бүгін ашылып отырған ескерткіш соның бір жарқын дәлелі болғай - деді Бердібек Сапарбаев Зырян ауданына барған сапарында.

Аймақ басшысы алдымен Зырян қаласының орталығында орналасқан Тәуелсіздік аллеясындағы «Достық шаңырағының» ашылуына қатысты.. Одан кейін облыс әкімі Курчатов көшесінің бойындағы жеке кәсіпкер А.Шалапутовтың негізгі жұмыстарын аяқтап, іске қосуға дайын қойған 75 орындық жекеменшік балабақшада болды. Балабақша құрылысы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында «Казцинк» ЖШС-мен меморандумға қол қойылған келісімшарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Нысанның қайта жаңғырту жұмыстарына 20 миллион теңге бөлінген. 
«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ресурстарын жинақтап, іске жұмылдыру үшін салынған 60 пәтерлік тұрғын үйдің ашылуына қатысып, пәтер кілттерін табыс етті. Cонымен қатар «Қарлығаш» балабақшасының ашылуына қатысты. Балабақша 280 орын арналған заманауи үлгіде салынған. - Бүгін Зырянда үлкен мереке. Біріншіден, Зырян қаласының тарихында тұңғыш рет облыстың барлық аудан, қала әкімдері, басқарма бастықтары келіп отыр. Содан кейін соңғы 20 жылда салынбаған құрылыстар жүзеге асырылып, ашылып жатыр. Соның бірі - мына балабақша - деді аймақ басшысы.
Жұмыс сапарының соңы көшпелі облыстық әкімдік отырысымен аяқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру, 2012 жылдың 1 жартыжылдығында облыстық бюджеттің орындалуы, «Жұмыспен қамту-2020», биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары талқыланды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318