Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 5057 2 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 14:42

Еңбек мигранттары: Қытай азаматтарының саны басым

Қазақстанда қанша еңбек мигранты бар? Бұл сұрақ көпшілікті ойландыратыны анық. Әлемде пандемия жалғасуда және мемлекеттер үшін әр жұмыс орны маңызды. Ресей еңбек мигранттарына қатысты арнайы заң шығарғаннан кейін, басты көштің бірі Қазақстан бола ма деген де күдік туындады. 

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда. Ресми мәліметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 647 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 222 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 746 адам және 718 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 957 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам, Ұлыбритания – 1 047 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475