Жұма, 15 Мамыр 2026
2930 6 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 15:30

Энергетика министрі: Азық-түлікке 200 мың жұмсаймыз

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отбасының азық-түлікке айына қанша ақша жұмсайтынын айтты. 

"Бұл сұрақ журналистерді неге сонша қызықтыратынын білмеймін. Расында, маған бәріміз бірдей өмір сүретін сияқтымыз. Менің отбасым басқа орташа отбасылар сияқты ақша жұмсайды. Әрине, 50 мың теңгемен өмір сүру мүмкін емес. Айына шамамен 200 мың теңге жұмсаймыз", – деді Мағзұм Мырзағалиев Сенат отырысында.
Айта кетейік, министрдің бес баласы бар.

Қарашаның 3-і күні Ұлттық экономика министрі Әсет Ырғалиев Қазақстандағы жаңа жылға қарай азық-түлік бағасы қалай болатынын айтты. Ол сонымен қатар айына азық-түлікке 50 мың теңге жұмсайтынын айтқан еді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2751
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1867