Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 2511 3 пікір 19 Қараша, 2021 сағат 16:54

Абаев: Заман талабына сай идеология да өзгерді

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев еліміздегі идеологияға қатысты жауап берді. Оның айтуынша, жаңа ғасырда идеология да өзгеріске ұшыраған. 

Соңғы кезде қоғамда «идеология жоқ» деген пікірді көп естиміз. Алайда бәріміз түсінуіміз керек бір дүние бар – қазір бүкіл әлем, сонымен бірге идеология да өзгерген. Кеңес кезіндегідей идеология келмеске кетті. Себебі ол кезде ақпарат саласы бір қолда еді. Ал қазіргідей цифрландыру заманында барлық ақпарат көздері ашық, - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Сондай-ақ жалған мәліметтердің таралуы қатысты өз ойын ортаға салды.

Тіпті, жалған мәліметтер де жылдам тарауда, оған түбегейлі тосқауыл қою мүмкін емес. Ең өкініштісі, ақпараттың ақ-қарасын ажырата білмейтін адам бұған сеніп қалып жатады. Сондықтан өткенге қарайлай бермей, ұлттық ұстынымызды білім және тәрбиемен қалай ұштастырамыз деп ойланғанымыз абзал, - деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев ақын-жазушыларды қолдау жалғасатындығын айтқан болатын.

Abai.kz

 

3 пікір