Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2574 2 пікір 19 Қараша, 2021 сағат 17:55

Алматы тұрғындарын не мазалайды?

Халықтың саяси мәдениетін артыруға бағытталған жоба аясында бірқатар зерттеулер жүргізілді. Атап айтқанда қала тұрғындары үшін фокус-топтар ұйымдастырылып, ал арнайы сарапшылардан аудио-сұхбаттар алынды. Мақсат – мегаполис тұрғындарының көңіл-күйіне объективті түрді зерттеу жүргізу. Соның нәтижесінде «осалдықтар матрицасы» мен жол картасы әзірленіп, жауапты мекемелерге жолданбақ.

Әлеуметтік зерттеулерді жүргізумен айналысып жатқан әлеуметтанушы-ғалым Елнұр Мұқашев мұның пилоттық жоба екенін айтады. «Анық қорытынды алу үшін, біз фокус-топтарға әртүрлі санаттағы тұрғындарды жинадық. Олардың арасында жас та, кәрі де, жұмысбасты да, жұмыссыз да, қазақ тілді де, орыс тілді де, әртүрлі ұлт өкілдері де, қалада бұрыннан тұрып жатқан және жақында ғана осында көшіп келген азаматтар да бар. Зертеуге қаладағы барлық аудан тұрғындары қамтылды. Мұндай әртүрлілік зерттеуді объективтілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды» дейді ол.

Фокус-топтарға қатысушыларды экологиялық, тазалық, бюрократиялық проблемалар көп алаңдатады екен.

Сараптамалық сауалнамаға қаладағы білікті сарапшылар тартылды. «Олар бұл мәселені тереңінен біледі. Олардың әрқайсысымен сұхбат 20-30 минутқа созылды. Жұмыс тәртібіне байланысты фокус-топ мүшелері сияқты, олардың аты-жөндері де құпия сақталады. Алайда олардың пікірлері негізінде «осалдықтар» матрицасы дайындалып, жол картасы жасалады» деді Е.Мұқашев.

Айта кетейік, бұл жобаны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры эүзеге асырып жатыр.

Қ.Қарабев 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439