Өзбекстанның қарызы артуда
Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызы өсуде. Бұл туралы Өзбекстанның Қаржы министрлігі жариялаған азаматтарға арналған бюджет жобасында айтылған.
2022 жылдың аяғында мемлекеттік сыртқы қарыз 30,4 млрд долларды (ЖІӨ-нің 41%) құрайды деп болжануда, оның 23,5 млрд доллары республика атынан тартылып, 6,9 млрд долларына Өзбекстан кепілдігі берілген.
Республика атынан және Өзбекстан кепілдігімен тартылған мемлекеттік қарыздың шекті мөлшері жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан аспауы керектігі атап өтілуде.
«2022 жылы Өзбекстан Республикасының атынан және Өзбекстан Республикасының кепілдігімен ішкі және сыртқы қарыздарды тарту бойынша жаңадан қол қойылған келісімдердің көлемі шамамен 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайды деп болжануда», - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.
Abai.kz