Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 3949 17 пікір 25 Қараша, 2021 сағат 11:51

Тәуелсіздік бәрінен қымбат: Өзіңе сен, қазақ! Бірлігіңе сен!

Редакциядан: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына тағы бір мәрте көз жіберсек, Президент былай дейді: «Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.

Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік»...

«Таким образом, постоянно укрепляя Независимость и сохраняя целостность страны, поддерживая ценность семьи и продвигая национально-духовную культуру, уделяя внимание приобретению глубоких знаний и честному труду, мы станем нацией созидателей. Это и есть семь главных столпов нашей Государственности!» - сказал Елбасы.

Үн қосу

Ұстараның жүзіндей төңкерілген дүниеде жыл сайын бір құбылыс шыға келеді. Айналып өте алмайсың. Басып өтуге, кешіп өтуге тура келеді. Дерт кеулеген пандемияң анау, безіп бара жатқан долларың мынау. «Күлшелі бала» ойнауға жақсы. Досың көбейіп келеді. «Түлкінің қызылдығы өзіне жау». Ұлан-байтақ жеріңе қызықпаған кім бар. Талайлардың сілекейі шұбырған. Жауың да аз емес сияқты. Тәуелсіздіктің әр күні қырағылық тілейді, сақтыққа шақырады. Білегің мен біліміңді бірдей бекемде.

«Ораза, намаз – тоқтықта!» Қылдан тайсаң, қол ұшын берер кімің бар? Екі туып, бір қалған Ресей мен Украинаға, Иран мен Иракқа қарасаң, мың жылдық көрші Әзірбайжан мен Әрмениеге қарасаң, денең түршігеді. Құдай сондайдан сақтасын. Арқаңды кеңге салып, ауа жайылып барасың.

Аузыңа келгенді көкіп, аспандағы Айды алып берсе де, қанағат қылар түрің жоқ. «Анау-жоқ, мынау-жоқ, етпейді», дейсің. Ұлың шалдуар, қызың ерке болып барады. Не жетпейді? Бәрі бар. Көкжиектен әрірек көз жіберсек, адамның ойына келмейтін оқиғаларды көреміз. Соның бәрі сабақ, бәрі сын. Азғантай қазақ, етек-жеңіңді жиыңқырап, әр күніңе есеп бер, ертеңді ойла, есепте. Сабыр сақта, тірліктің нәрі – бірлікте ғана екен. Бас-басыңа би боламын деп жанықпа, ел сайлаған басшың бар. Ұнаса да, ұнамаса да, соған тапсырдық тағдырымызды. Демократияның дәмі деген тәтті деседі, бірақ соның қазақтың ішіне жағатын-жақпайтынын әлі түсініп болған жоқпыз.

Нұрекеңнің айтып тұрғаны осы. Бір үйдің балаларын ұйыстырып ұстау оңай емес, оған да еп керек. Біреуін алдап, біреуін арбап, біреуінің арқасынан қағып деген сияқты. Нұрекеңнің меңзеп отырғаны осы. Үлкеніміз жастарға үлкендікпен үлгі болайық, кішіміз үлкенімізді сыйлай білейік. Одан басқа не қызық бар, бұл өмірде.

Зарқын Тайшыбай,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371