Жұма, 25 Қыркүйек 2026
4522 5 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 15:47

Шекарадағы шектеу: Қазақстан Қытайдан көмек сұрайды

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай ынтымақтастық ұйымының үкімет басшыларының бас қосуында Қытай шенеуніктерінен Қазақстаннан Қытайға жүк тасуды қалпына келтіруді сұрады.

Қытай былтырдан бері коронавирус қаупіне байланысты темір жол арқылы тасымалданатын бидай, түрлі-түсті металл секілді шикізатты қабылдамай келеді. Қазақстандық тасымалдаушылар осының салдарынан миллиондаған шығын көріп жатырмыз деп мәлімдеген.

Қытай бұдан бөлек жүк көліктеріне де шектеу қойып отыр. Қараша айының басында Қазақстанның қаржы министрлігінің кіріс комитеті Қытаймен шекарадағы "Нұрлы жол" бекетінде 10 мыңнан астам жүк көлігі кезегін күтіп тұрғанын мәлімдеген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1476
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3097
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1103
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1028