Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2746 3 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:17

Қазақстанда жаңа шектеулер енгізіледі

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты. 

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

"Жаңа "омикрон" штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:

Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

"Омикрон" нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету;

"Омикрон" штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс", - деді Шоранов.

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019