Асылнұр Орынбек. Мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу ОҚО-да ғана жүріп жатқан жұмыс емес
Шымкентте жаңа әкiмшiлiк-iскерлiк орталығын салу бастамасы бой көтергенде мемлекет қажеттiлiгiне алынатын жер дауының да басы қылтиған. Өйткенi, шаһарда бос жатқан жер жоқ, бәрiнiң өз иесi бар. Жаңа орталықтың жобасы мұндай мәселелердi аттап барып, жасалған жоқ. Өйткенi, мемлекет мұқтажына алынатын жер телiмдерiнiң иелерiне тиiстi өтемақы төлеу iсi заң шеңберiнде жүргiзiледi. Ал қаланың бос жатқан жерiнен жаңа орталық салу идеясы неден туындап едi?
Шым шаһардың кешегi, бүгiнгi келбетi көпшiлiктiң жадында. Қазыбек би көшесiнен бастап Бауыржан Момышұлы көшесiне дейiнгi аумақта созылып жатқан қаланың орталығы барынша жаңартылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып келдi. Дегенмен, қаланың бүгiнгi орталығы көптеген мәселелердi шешуге қауқарсыз. Жол қозғалысының тиiмсiздiгi, көлiк кептелiсi, автотұрақтардың жеткiлiксiзi тұрғындардардың жүрiп-тұруына әжептеуiр кесiрiн тигiздi. Бүгiнгi өркениет көшi дамудың «доңғалығымен» жүретiнiн ескерсек, онда Шымкенттiң бұл көштiң соңынан жүрiп өтуi заңды да. Иә, қаланың болашағын ойлау арлы iс. Шымкентке елiмiздегi үшiншi қала мәртебесiнiң берiлуi шаһардың келешегiмен де тiкелей байланысты. Шымқаланың шеткi бөлiгiнен жаңа орталық салу iсi бiрiншiден, қаланың мәртебесiн көтеруге қызмет етсе, екiншiден, тұрғындардың жайлы өмiр сүруiнiң кепiлi. Өйткенi, жаңа орталық көпқабатты үйлермен, мәдени, әлеуметтiк нысандармен ерекшеленедi.

Жаңа орталық түсетiн аумақты таңдау мәселесi де тыңғылықты ойлануды қажет еттi. Нәтижесiнде тиiмдi таңдау «Нұрсәт» шағынауданына жоспарланды. Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Әшiрбеков жаңа жобаның тиiмдiлiгi жөнiнде былай дейдi:
- Таңдаудың осы аумақтарға түсуiнiң де өзiндiк себептерi бар. Бiрiншiден, бос жатқан жер, екiншiден, бұл аумақ жылу, коммуникация жүйелерiн тартуға қолайлы, үшiншiден географиялық рельефi жағынан биiкте орналасқан. Осы тиiмдiлiктiң бәрiн ескере келе, жоба тиiстi мамандармен және ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасымен мақұлданып, әкiмдiктiң қаулысы бекiтiлген.
Соңғы бiр-екi аптада қала тұрғындарының мазасын қашырған мәселе - мемлекет мұқтажына алынатын жер телiмдерi болып отыр. 2012 жылдың 19 шiлдесiнде Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң «Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы» №309 қаулысымен газет беттерiнде 1300 жер учаскесiнiң тiзiмi жарияланған болатын. Тiзiмге iлiккен жер иелерiнен маза кетiп, «мәжбүрлеп алып қою iсiн» терiс түсiнгендер де жоқ емес. Алайда, жергiлiктi билiк бұл игi iстiң халықтың келiсiмiмен жүргiзiлетiнiн айтып түсiндiрдi. Ешкiмнен жер учаскелерi зорлықпен тартып алынбайды. Бастысы - тұрғындар осыны түсiнуi тиiс.
Дегенмен, қалалық әкiмдiк мәселенi зерттеп, халықтың талап-тiлектерiн ескере келе 1300 жер учаскесiнiң тiзiмiне өзгерiстер енгiзiлетiнiн жария етiп отыр. Бұл туралы қалалық жер қатынастар бөлiмiнiң бастығы мiндетiн атқарушы Ербол Ахметов мәлiм еттi.
- Бұған дейiн Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен 1300 жер телiмi жоспарланған жобаға алынған болатын. Қазiргi кезде ол жер қайтадан қаралып, сол жердiң картасы дайындалу үстiнде. Бiздiң зерделеуiмiз бойынша үй көп салынған, бюджет есебiнен коммуникация жүргiзiлген жер жобаға енгiзiлмейдi. «Мирас», «Қайтпас-1» шағынаудандары да кiрмейдi. Жалпы, бүгiнгi күнде, құрылысы бiтпеген 55 үй мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн сатып алынуға жатады. Шымкент қаласында жаңа тұрғын ауданы мен әкiмшiлiк-iскерлiк орталығының егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы бойынша жалпы алаңы 364 га жер телiмiне жасақталған болатын. Қазiргi кезде бұл аумақтың шекарасы қайта қаралып, өзгерiстер енгiзiлiп, ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасымен келiсiлiп, әкiмшiлiк-iскерлiк орталығының құрылысы жүргiзiлетiн аумақта жұмыстар жүргiзiлуде. Ал жер иелерiне өтемақы төлеу мәселесi «ҚР Мүлiк туралы» Заңының аясында шешiледi. Бұл жердiң көпшiлiгiнде құрылыс жұмыстары бiтпеген. Сол жер учаскесiнде қаншалықты жұмыс жүргiзiлдi, бәрi бағалау iсiнде есепке алынады. Бiрақ, мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алынатын жер телiмiнiң және жылжымайтын мүлiктiң құны нарықтық бағадан жоғары болмауы тиiс, - дейдi Ербол Ахметов.
Жалпы, мемлекет мұқтажы үшiн жер телiмдерiн алу iсi бiр ғана Шымкентте жүргiзiлiп жатқан жоқ. Бұл - әлемдiк процесс. Уақыт көшiмен iлесiп, жаңару үрдiсiн бастан кешiретiн мемлекет үшiн мұндай мерзiмдi жұмыстардың атқарылуы заңды құбылыс. Сондықтан бұл iстi сүйiктi қаламыздың болашағымен түсiнген абзал. Қазiр жаңа орталық салынатын аумақта бес ғимараттың құрылыс жұмыстары басталып кеттi. Конгресс-холл, драма театр, кинозал, кiтапхана ғимараттары болашақта заманауи келбетi қалыптасқан жаңа Шымкенттiң негiзгi бет-бейнесi болып саналмақ.
Алайда, тұрғындармен ортақ келiсiмге келу ұзаққа созылуы мүмкiн. Мұқтаждыққа алынатын жер телiмдерi тек екi тарап келiсiм-шартқа отырып қол қойылғанда ғана мемлекет иелiгiне берiледi. Сондықтан, жер иелерi күн тәртiбiндегi мәселенiң қаншалықты маңызды екенiн ұғынса екен.
- Мемлекет халыққа жау емес! Халықтан жердi тартып алып, оны екiншi бiр жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк мүдделердi көздемейтiн мақсат үшiн берiлмейдi. Мұның бәрi мемлекеттiң игiлiгi үшiн қаланың жаңа тынысы жолында жасалатын шаруа екенiн халық түсiнсе екен деймiз. Қала болу үшiн онда үйлердiң 70 пайызын көпқабатты үйлер құрауы тиiс. Олай болса бiздiң қаламыз үлкен ауылға айналып бара жатыр. Басым бөлiгiн жеке сектордағы үйлер құрайды. Бұл iстi қолға алудың да басты себептерiнiң бiрi - осы. Жақын арада газет бетiне бастапқы қаулыға өзгерiстер енгiзу туралы қаулының жобасы жарияланады. Қаулы қабылданғаннан кейiн, үш ай мерзiм iшiнде келiсiмге келiп, жер телiмiне, жылжымайтын мүлкiне бағалау жүргiзiледi. Ал алты ай мерзiм iшiнде толық рәсiмделмеген жер телiмiне жылжымайтын мүлiктi заңдастырып бiтуi тиiс. Демек, бiздiң жұмысымыз да уақытқа тәуелдi. Қашанға дейiн созылады, ол келiсiмге келуiмiзге байланысты. Егер оған келiспесе, бiздiң сотқа жүгiнуiмiзге құқымыз бар, - дейдi қала әкiмiнiң орынбасары Бақытжан Айдарханұлы.
Қазiр Шымкентте жаңа орталыққа қатысты жұмыстар қарқынды түрде қолға алынды. Ал бұл iсте ешбiр қарапайым тұрғын зардап шекпеуi тиiс. Жергiлiктi билiк осы мәселенi бақылауға алып отыр. Күнделiктi халықпен кездесiп, түсiндiру жұмыстары да толассыз жүргiзiлуде. Мемлекет мұқтажына алынатын жер телiмдерiне қатысты мәселе бойынша тұрғындардың қала әкiмдiгiне келiп, қажеттi мәлiметтi алуына толық мүмкiндiгi бар. Тек дабыра сөзге ерiп, арандатудан абай болса болғаны. Мемлекеттiң мүддесi бәрiнен биiк тұруы тиiс.
«Абай-ақпарат»