Хаменова синдромы немесе халық неге қуанды
Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталғанына көп адам қуана жазса енді бірі оны мүсіркеп жатыр, ал нұрпартиялықтар, олардың жағымпаз рупорлары тілін жұтып қойғандай.
1.Хаменованың қамалғанына халық қуанғаны оның жиіркенішті жағымпаздықтың "символына" айналғанынан еді..
2. Әсіре арсыз жағымпаздық мадақ жасаған адамға мадақтауышысынан бірдеңе керек.. Хаменова әкімнің орынбасарлығы ғана емес, ол мадақ айтумен нұрпартияның жағымпаздығы символы ретінде өзіне осындай жағдайлардан қорғаныс алып қойған еді, алайда ол да көмектеспеді..
3. Ол неге көмектеспеді?
Оны ешкім білмейді, Хаменованың қамалуы хит болуының бір себебі де сол..
Бірақ Хаменова сотталмайды..
5 млн түгіл млрдтап ұрлағанын қайтарып түрмеден босап жатқандар аз ба, оның үстіне кәмелетке толмаған балалары бар..
Тіпті толық ақталып кетсе де таң қалмаймын..
4. Балалар демекші аяуын аяймыз ғой, бірақ сол жемқорлардың жеуінен еміне қаржы жетпей қиналып жатқан балаларды, олардың еміне ақша таппай зарлап, осы жерде көмек сұрауға мәжбүр аналарды олар аяй ма? Аямайды ау..
Оның орнына сол балалардың есебінен жеп өз балаларының ертеңін қамтамасыз ету үшін осындай мадаққа, одан гарант алдым деп жемқорлыққа барады, ал ол үшін билікте болуы керек, оған жету үшін ар ұятты ысырып тастап мадақ айту керек..
Сонда ол жемқорларды мүсіркеп ақтап отырғандар да анау ауру балалардың қиналысына сеп болып отырған жоқ па?
Бұл мәдениет саласы қаржысы дейтіндерге - ол бюджет қаржысы, сол ауру балалардың еміне емес ескерткішке бөлінуі одан жеу оңай болғанынан болуы мүмкін.
Ескерткіштен жесе оны емделді ма, арты не болды деп ешкім сұрамайды..
Әрі қомақты қаржыны бір-ақ асайды..
Әлеуметтік мәселелер шешілмей жатқанда ескерткіш салғыш әкімдердің жемқорсызы жоқ шығар..
Оның үстіне ол мадақты жиіркенбей тыңдайтын адам да мәз болып дайын отыр..
Бұл бір бірімен байланыста қарайтын мәселелер..
Мадақ- қызмет- жемқорлық- жетімнің несібесін жеу- оны қорғау бірімен бірі ажырамас, байланысты нәрселер, тұтас жүйе..
5. Сотталмайтын тағы бір себебі, егер олай болмаса бүкіл осындай жағымпаз мадақ айтушыға одан ертең қайыр болмай қалатынын біледі, ал ол жағымпаздық жемқор биліктің тірегі, сүйеніші..
Одан жемқор жүйе еш бас тартпайды, қайта өршітеді, марапат мерекелерінің көбейуі соның дәлелі шығар.
Не үшін жаппай марапат таратып жатыр дейсіз?
Тіпті адал бизнесмендердің өзіне марапат жеп қойған бюджет қаржысының орнына, немесе оның жыртығына жұмсау үшін одан бірдеңе алу үшін қажет..
Депутаттар әкімдіктің меценаттар клубы сияқты болғаны да содан..Келген аналардың проблемаларын солар шешу үшін..
Ал оның орнына оған депутаттық пен бюджеттің айналасында отырған шөміштердің қатарынан орын дайын.. Алыс-беріс..
Бұл да сол бір жүйелік байланыс..
Бұндай "құнды кадрлар" далада қалмайды, ертең жылт етіп басқа бір қызметтен шығады.. Сондай қаншасы жүр ғой..
Әрине ондай марапаттың арасына бір-жар адалды тығады, қалғанын бүркемелеу үшін, немесе наразы болмас үшін..
Сөйтіп оның да басын кірлетіп "Көрдің ба бірі сондай!" - деп жемқор жүйені басқаға үлгі етеді..
Бұның ең бір қасіреті қоғамды бірнеше ұрпақ алға бүлдіргені..
Ұрпағын адалдыққа тәрбиелегенге бұл жүйеде орын жоқ екенін білген халық соған баулиды, немесе елден кетіп тынады, біреу көшіп кетіп жатыр, біреу шыдамай өліп кетіп жатыр..
Ал қалған мадақ пен жағымпаздық жайлаған елді бодан қылу да, жаулау да оп оңай, әбден шаршаған халық та оған кейін онша қарсы болмайды..
6. Біреулер "ерені" құтқаратын шығар деп жатыр.. Әрине жоғарыдағы себептермен ол да мүмкін..
Олай болмаған жағдайда ертең мадақ айтатын адам таппай қалады, ал онсыз байланысы бұзылған жемқор жүйе жұмыс жасамайды)).Сондықтан жүйеге оны жас буынмен де толықтырып отыру керек.. Оған кезектегі де көп болуы заңдылық..
7. Бұл оқиға, оның әл.желіде жаппай жариялануы мадақ пен мақтау сүйгіш жемқор жүйенің, жағымпаз ода айтушы мен оны ұялмай тыңдаушы арсыздардың да халыққа қаншалықты жеккөрінішті екенінің көрінісі ғана..
Кейде ойлаймын, біздің баяғы жоңғар-қалмақ соғысы, одан кейінгі кешегі НКВД, КГБ репрессияларынан әбден селекцияланғандардан құралған билік басқарып отырған сияқты..
Өйткені билікке мадақ айтып, өзгені сатып, жеп талап, жығып беру арқылы өз қамын ойлау , аман қалу сол кезден ұрпақтан ұрпағына қанына сіңген "қасиет" қалдырған сияқты..
"Майлыбайдан Сайлыбай туады, бірінен бірі айнымай туады" деп қазақ бекер айтпаса керек..
Оның үстіне жағымпаздық пен мадақ айтып билікке қол жеткізген ұрпағын да соған баулиды, тіпті ауыздандырады..
Кешегі биліктің позициясынан асып кетпеген партократ номенклатура ұрпағы отбасында көргенінен асып кетпейді, тек кейде ғана ондай тәрбиеге қарсылық көрсететін ұрпақ болып қалуы мүмкін, бірақ өте сирек, ұяда не көрсе көбі соны іледі..
Сондықтан да атасы партократ болғанның көбін қәзіргі жүйеден табасыз..
Баяғы қызметіндегі атын алға тартып атасы қәзір баласын қойып немересін билікке сүйрелеп жүрген аз ба, ол үшін керек болса мадақ та жарампаздықпен жалап жіберуге де бар..
Міне сол кездегі жанындағы жандайшаптарының ұрпағы да олардан алысқа кете қойған жоқ, күні үшін әлі жан-жағында жүрген сияқты..
Болат Нұрхожаев
Abai.kz