Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2861 1 пікір 23 Желтоқсан, 2021 сағат 13:09

Тәуелсіздік ұрпақтары – егеменді еліміздің бейнесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасын бұқараға таныстырылды.

Ұлттық баяндама дайындалу барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттарының актуалды статистикалық және аналитикалық деректеріне сүйене отырып, сондай-ақ жас қазақстандықтардың пікірлері де ескеріліп қазыргі жастардың өмірлерінің түрлі бағыттарын жан-жақты саралайтын кешенді ғылыми құжат болып табылады. Баяндама нәтижелері құзырлы орталық және жергілікті атқарушы органдарға ел жастарының сұраныстарына дер кезінде ден қоюға және жастар саясатын тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық баяндаманың басты тұжырымдарымен таныстырған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев жастар ортасындағы маңызды өзгерістер мен өзекті трендтерді атады. Сонымен қатар, демография, денсаулық сақтау, білім беру және ғылымға ынталары сияқты жастар дамуының маңызды әлеуметтік параметрлері туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, Жас қазақстандықтың бейнесін, Тәуелсіздік ұрпағының портретін және Жастардың тәуелсіздікке деген көзқарастарынын жариялады.
Осы ретте статистикалық мәліметтерге жүгінсек, биыл жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19,2 адамға жуқтаған, оның 3,7 миллионнан астамын немесе 19,72 пайызын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар құрап отыр. Жастар санының ең жоғары мәні халықтың жалпы құрылымындағы жастар үлесі 28,2% болған 2009 жылы байқалған. Бұл – 1980 жылдардағы «беби-бум» ұрпағы 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезінде дүниеге келген келесі ұрпаққа ауысқанымен байланысты құбылыс. 2023 жылдан жастар санының өсуі бойынша оң динамика басталып, ол 2030 жылға қарай ең жоғары мәнге жетеді деген болжам бар.

Жастардың саны мен көрсеткіштерінің өзгеруі динамикасы мемлекеттік жастар саясатын дамытуда маңызды рөл атқарады. Мәселен, қандай да бір бағдарлама қабылданар алдында оның түпкі бенефициары жайлы егжей-тегжейлі мәлімет сол бағдарламаның сәтті орындалуының кепіліне айналады.

Өз кезегінде ұлттық баяндаманы әзірлеуге атсалысқан авторлар ұжымыда жастардың экономикалық мінез-құлқы, азаматтық және саяси қатысуы, құндылық бағыттары туралы мәліметтерін ортаға салды.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Дана Әшімханова бүгінгі таңда қазақстандық жастардың ерекшелігі құндылық бағдарларының өзіндік симбиозында, атап айтқанда дәстүрлі және заманауи көзқарастардың тоғысуы мен қабаттасуында екенін атап өтті. Атап айтар болсақ, соңғы бес жылда жас қазақстандықтар құндылықтарының рейтингісі тұрақты, басты құндылық «отбасы» (82,5%) болып қала береді. Екінші орында «денсаулық» (45,6%) тұрса, үштікке «достықта» (23,1%) басты құндылық ретінде енген. Сондай қатар, қазақстандық жастар үшін әлемдік трендтер – жоғары мобильдік, диджитализация, цифрландыруда жат емес. Жастар арасында танымал трендтер қатарына салауатты өмір салты мен экологияға қамқорлықта кірген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Аслан Әзербаев жастардың басым бөлігі үшін тұрақты жұмыс істеу сенімділік пен даму мүмкіндігінің шарты екенін жеткізді. Жастар арасында табысқа жету тұжырымдамасы мансап сатысымен жылдам алға жылжуды және қолайлы табысты білдіреді. Сонымен қатар Қазақстанда әрбір үшінші жас азамат келешекте мамандығын өзгерткісі келмейді, бірақ сол мамандық бойынша білігін арттыруға ниетті – 31,9%. Жастар еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыратын шет тілдерін білу (43,7%), компьютерді игеру (38,2%), бағдарламалау (32,6%) және әлеуметтік желілерде, интернетте сауда жасау (21,9%) сынды қосымша машықтар болуы қажет деп санайды. Кәсіби қызмет саласындағы өзгерістер аясында кадрлар даярлаудың келесі бағыттарында сұраныс жоғары болып тұр: инженерлік мамандықтар, IT және компьютер техникасын жасау, нанотехнология, биотехнология, сервистік мамандықтар, логистика, экология, медицина мамандықтары, химия, тамақ өнеркәсібі, қала құрылысы.

Ұлттық баяндама бойынша сараптамалық бағасын Парламент Мәжілісінің депутаттары Юлия Кучинская мен Елнұр Бейсенбаев, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Бұқанова да білдірді.

Жалпы сарапшылар қазіргі жастардың өте өршіл және табысқа жету жолында үйренуге және жетілуге дайын екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, жастардың басым көпшілігі (88%) өз өмірлеріне риза, ал мемлекет тарапынан тұрақты жұмысқа (52,8%) қол жеткізу мен оны сақтауда ғана қолдау көрсетілгенін күтетіндіктерін айтты. Сонымен қатар отандық және халықаралық сарапшылар жастар ортасында болып жатқан үдерістерге терең зерттеулер жүргізудің, жастардың әлеуметтік көңіл-күйіне тұрақты мониторинг жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы Қазақстан жастарының оның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларындағы жағдайына жан-жақты талдау жасалатын негізгі ғылыми құжат екеніне сенім білдірді.

«Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шыққан нұсқасы жастар және жастар саясаты саласындағы барша мүдделі тараптарға таратылатын болады. Ал электронды нұсқасын жақын арада www.eljastary.kz бірыңғай жастар порталынан жүктеп алуға болады.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364