Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3907 0 пікір 29 Тамыз, 2012 сағат 06:19

Мұрат Насимов. Ата заң – тұрақтылық пен патриотизмнің іргетасы

Көп жылдар бойы адамның құқықтары мен бостандықтары түсінігінің сипаттамалық белгілері боямаланып келді. Қоғам мүшелеріне құқық - бұл пролетариат пен партия мүддесі деп санаға құйылды. Шынында құқық адам табиғатына тән бостандық нормалары екендігін тәуелсіздік алғаннан кейін ұғынғанымыз рас.

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», - деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде жаңа ашық азаматтық қоғам орнатуды мақсат еткен халқымыздың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Ол елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ететін және кепілдік беретін өте маңызды құжат. Осы Бүкілхалықтық референдумда қабылданған қолданыстағы Ата Заңымыз елімізде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыру ісінде өзінің жасампаздығынан Қазақстан халқына қызмет етіп отыр.

Көп жылдар бойы адамның құқықтары мен бостандықтары түсінігінің сипаттамалық белгілері боямаланып келді. Қоғам мүшелеріне құқық - бұл пролетариат пен партия мүддесі деп санаға құйылды. Шынында құқық адам табиғатына тән бостандық нормалары екендігін тәуелсіздік алғаннан кейін ұғынғанымыз рас.

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», - деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде жаңа ашық азаматтық қоғам орнатуды мақсат еткен халқымыздың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Ол елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ететін және кепілдік беретін өте маңызды құжат. Осы Бүкілхалықтық референдумда қабылданған қолданыстағы Ата Заңымыз елімізде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыру ісінде өзінің жасампаздығынан Қазақстан халқына қызмет етіп отыр.

Осыдан он жеті жыл бұрын елімізде демократиялық бастауларға сүйенген Конституциялық құрылыстың қалыптасу үдерісі басталып, жаңа мемлекеттік инс­титуттар құрыла бастады. Конституция мемлекеттік құқық жүйесін реформалаудың базасы болды. Қоғам, мемлекет және тұлғаның өзара байланысының конституция­лық-құқықтық ауқымы кеңейді. Мемлекеттік институттарды конституциялық реформалау адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталып, жоғары халықаралық-құқықтық стандарттардың саяси-құқықтық тәжірибесіне ене бастады.

Тұлға құқығының басымдығы енген демократиялық конституциялық құрылыс философиясы әлеуметтік құндылық болып саналады. Конституция қоғам демокра­тиялық құрылысының негізі болып табылғандықтан, ол демократияны реформалаудың басты кепілі. Сондықтан ол мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қорғалуы тиіс. Мемлекеттің Негізгі Заңы - бұл құқықтық жүйенің ядросы, бүкіл заңнамалық құжаттар негізделетін фундамент, мемлекеттің демократиялық дамуының тірегі мен мемлекеттік құқық өзгерістерінің процесі. Ол қоғамдағы тұрақтылықтың негізі.

Саяси режим, әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі, саяси басқарудың дәстүрлері мен құрылымдарына қарамастан барлық елдердің негізгі міндеті саяси тұрақтылықпен қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының даму тарихы көрсеткендей, саяси тұрақтылыққа жетудің міндеттері мемлекеттік дең­геймен қатар, мемлекетаралық қатынастар жағдайында да шешіледі. Осы мәселелерді шешудегі ең басты фактор болып мемлекет және оның құқықтық, моральдық нормаларына сүйенген институттары саналады. Саяси тұрақтылық мәселесі қоғамның модернизациялануы үдерісінде маңызды орынға ие. Өйткені, осы жолда жүрген мемлекет әлеуметтік қайшылықтар мен көптеген қақтығыс­тардың пайда болуына ықпал етеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев осыдан 12 жыл бұрын Ата Заңымыздың бес жылдығында: «Халық өзінің егемен құқын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киеге ие болады, сөйтіп ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасына айналады», - деп айтқан болатын. Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табыл­мақ.

Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекетте ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы үдерістегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативтік-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін одан әрі пайдалану жөнінде былайша ой өрбітеді: «Біздің Конституциямыздың әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе, оның ережелерінің орындалуына қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады».

Жалпы еліміздің Конституциясы жинақы түрде, қысқа тұжырымдалған, еліміздің негізгі сипаттамасын, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік негізін, демократиялық бастамаларын көрсетіп берді. Ол еліміздің негізгі құндылықтары - тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі. Әрбір ел азаматының ендігі парызы - осы құндылықтарды сақтау. Ата Заңымызды қадірлеу, заңдарын орындау, Елбасымызға қызмет ету баршамыздың қастерлі міндетіміз. Ол еліміздің саяси және этносаралық тұрақтылығымыздың негізі болып табылады.

Мұрат Өрленбайұлы НАСИМОВ,

саяси ғылымдардың кандидаты,

Қызылорда «Болашақ» университеті

техника, экономика және құқық

факультетінің деканы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321