Шәріпхан Қайсар. «Күлсауыттағы» төңкеріс
Астанадағы Тәуелсіздік алаңында, Қазырет-Сұлтан мешітінің жанында жайғасқан, бұқара арасында «Күлсауыт» атанған ғимаратқа басында «Шабыт» академиясы құрылмақшы болған, ақыры ресми түрде бұрынғы Музыка академиясының негізінде жаңадан Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ)) құрылды, ректоры қазақтың белгілі керіқобызшы (скрипкашы) қызы - Айман Мұсаходжаева. Бұл білім ордасын құруда өнерді іс жүзінде насихаттау ғана емес, өнертану саласындағы бірегей академиялық әлемдік деңгейге қол созған ғылым ордасы болу да көзделген еді. Сондықтан да елдің түкпір-түкіпіріндегі өнер саласының әйгілі майталмандары баспананың бар-жоғына қарамай астанаға ағылып, өнер-ғылым ордасына қызметке тұрысты. Олардың ішінде Алматы консерваториясынан келген профессорлармен бірге белгілі жырау Алмас Алматов секілді біртуарлар да бар.
Алайда, жуырда қазақтың ұлттық ән-күй, жырын зерттеп, дамыту мәселелерімен айналысатын, Қызылордадан ат сабылтып жеткен Алмас жырау жетекшілік еткен фольклорлық ғылыми зертхана таратылып, оның орнына Мырзатай Жолдасбеков басқаратын әлдебір орталық құрылып жатқан көрінеді. Осы күндері Мырзекең баяғы президенттік орталықтан қуылған командасымен «Күлсауытқа» қоныстануда. Қуылған ғалымдарға «Біз инвестиция құямыз, Айманмен солай келіскенбіз» деген уәжін білдіріпті Түркі дүниесі ақсақалдар алқасының мүшесі.

Сонымен, қай жерде де теперіштен көз ашпаған қазақтың қасиетті фольклоры тағы да жабылып тынды. Алмас жырау жыр тақырыбына дәріс оқуға ғана қалса керек. Бірқатар Алматы консерваториясының ғалымдары тентіреп, «ауылдарына» оралуда. Мәскеуде ғылыми дәреже қорғаған философтарға да орын қалмапты.
Айтпақшы, Мырзатай ақсақалдың командасында Жүрсін ақын да жүрген көрінеді. «Сонымен, солай дейік» демекші, арты қайырлы болып, қазақтың өнері есебінен күн көру мен абырой табу науқаны қашанға созылар екен, бұған «қой» дер қожа болар ма екен... Тентіреп, сабылған қазақтың сал-серілері мен өнертанушыларының бағы қашан ашылар екен?
«Абай-ақпарат»