Халықты азғындыққа итермелеу үдеп барады
Қазіргі таңда бізге деген пиғылы өте дүдамалы, жат жұрттардан ағылып жатқан ақпараттық шабуылдың алдында тым әлсіз екендігімізді жоққа шығара алмаспыз.
Бір жағынан жеріміздің біраз шұрайлы тұстарын қамтып қалуды аңсағандар табылып жатса, екінші жағынан ана тілімізге ашықтан-ашық шабуыл жасайтындар да ашық бой көрсетіп жүр. Енді бір мықтылары «адам құқығы» деген жаплпылама ұғымды алға тарта отырып, халқымыздың, тіпті табиғатына жат, адам баласын аздыратын, мақсаты аса күмәнді дүниелерді тықпалап жатыр. Бізде әсіресе осындай ағымдардың ішіндегі ерекше белсенділік танытып жүрген, өздерін ЛГБТ деп атайтын ылғи бір еркекшора мен қызтекелерден құрылған топтар десек, қателесе қоймаспыз. Бұлар өзара топтасқанымен қоймай, Құдай жаратқан адамның табиғатына мүлдем қайшы келетін еркектің еркекке, әйелдің әйелге ынтызар болуына шақыратын, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен салт-дәстүрлеріне қайшы әрекеттерді насихаттап, оларға қарсы ашықтан-ашық шабуылға көшуде.
Бұл мақсаттарын және жасырмайды да. Өткенде бұлар алдымен Шымкентке, сосын Ақтөбеге барып, өздеріне деген ниеттестер мен жақтастарын көбейтуге талпынып баққаны бар. Гейлер мен лезбиянка дейтіндер насихат құралына өте шебер. Арнайы жалау жасап, оны құбылмалы, жадыраңқы түске бөлеп, адам көп жиналатын ғимараттарға іліп қоюға дейін барады. Ал сол құбылмалы түс (орысшасы «радужный» деп аталады, мағынасы өте кең) олардың салған суреттерінің символы іспеттес, сонысымен ерекшелінеді.
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей жақында бұлар елімізде тағы бір дау шығарды. Аталмыш қоғамның белсенділері халқымыздың бетке ұстар тұлғаларының потреттерін жасап, өздерінің бұзық ниеттеріне пайдаланған. Мұны осыны ешбір қысылмастан әлеуметтік желілерге салып қойып, өздерінше үлкен бір іс тындырғандай сандарын шапалақтап жатыр.
Жоғарыда әлеуметтік желіге тарап кеткен суретті көрдіңіздер. Мұнда Пушкинмен айқара құшақтасып сүйісіп жатқан Абайымыз да бар. Оның қатарына құбылмалы түске бөленіп, оларды насихаттап отырған Шоқанды да табасыз. Бір қызығы, мұны әбестік санап отырған олар жоқ. Қайта мақтаныш көретін секілді. Мәселен, осы суретті жасаған, аталмыш қозғалыстың лидері Әмір Шайкежанов бұл істеген ісінен еш оғаштық көріп тұрған жоқ.
Мінекей, бізде әбден еркінсіп кеткен, оларға «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ жерде осылайша асылдарымызды аяқ асты етіп, ешкімге бой бермеуге айналды. Біздің билікте осындай ел ішіндегі ессіздерге тоқтау салатын адам бар ма? Әлде «Аш құлақтан, тыныш құлақ» деп жауырды жаба тоқып жүре береміз бе?
Жайберген Болатов
Abai.kz