Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3878 0 пікір 3 Қыркүйек, 2012 сағат 08:54

Еркінбай Керімбайұлы. Түркістан тағының түлкібұлаңдары

Мен Еркінбай Шалтан Керімбайұлы 1978 жылы туғанмын. 2000 жылдан бері 1-топтағы мүгедекпін. Осы себепті мені ешкім еш жерге жұмысқа алмайды. Бірақ мүгедектігімді міндетсініп біреудің мойнына масыл болған емеспін. Қолдан келгенше әрекет етіп, қоғам тыныштығы үшін өз үлесімді қосып жүрген азаматпын. Бірақ намысымды таптап, жігеріме құм құйған безбүйректердің бетпердесін сыпыру алаш азаматтарының әмәнда парызы болғанын жақсы білемін.

«Жүректе бәрі сайрап тұр, Тәңірім тілді байлап тұр» дегендей,  Жаратушы  менің тілімді емес, аяғымды байлады. Соған да тәубә, шүкір. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Осыдан он екі жыл бұрын Құдайдың жазуымен аяғымнан сал болып қалдым. Қазіргі таңда коляскамен жүремін. 2006 жылдан бері менің отбасым үшін үй мәселесі үлкен проблема.

2006 жылы қала әкімі Әли Бектаев (қазіргі ОҚО Әкімінің орынбасары), сосын Бейбіт Сыздықовтар (қазіргі ОҚО, Отырар ауданының әкімі) өз ауыздарынан қағынып, барлық жағдайды жасаймыз деп уәде берген, бірақ уәделерін арқалап, бірі Шымға, бірі Құмға сіңіп жоқ болды. Бірақ обалы не керек, Әбдікерімнің Әлиі мен Шалдардың Бейбіті бас шенеунік болып тұрған кезінде емделуіме материалдық көмек бергенін айтпауға болмайды. Алайда ол емделгендерім пәтер жағалап жүрген мен сияқты мүгедектің денсаулығына қалай әсер етсін?

Мен Еркінбай Шалтан Керімбайұлы 1978 жылы туғанмын. 2000 жылдан бері 1-топтағы мүгедекпін. Осы себепті мені ешкім еш жерге жұмысқа алмайды. Бірақ мүгедектігімді міндетсініп біреудің мойнына масыл болған емеспін. Қолдан келгенше әрекет етіп, қоғам тыныштығы үшін өз үлесімді қосып жүрген азаматпын. Бірақ намысымды таптап, жігеріме құм құйған безбүйректердің бетпердесін сыпыру алаш азаматтарының әмәнда парызы болғанын жақсы білемін.

«Жүректе бәрі сайрап тұр, Тәңірім тілді байлап тұр» дегендей,  Жаратушы  менің тілімді емес, аяғымды байлады. Соған да тәубә, шүкір. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Осыдан он екі жыл бұрын Құдайдың жазуымен аяғымнан сал болып қалдым. Қазіргі таңда коляскамен жүремін. 2006 жылдан бері менің отбасым үшін үй мәселесі үлкен проблема.

2006 жылы қала әкімі Әли Бектаев (қазіргі ОҚО Әкімінің орынбасары), сосын Бейбіт Сыздықовтар (қазіргі ОҚО, Отырар ауданының әкімі) өз ауыздарынан қағынып, барлық жағдайды жасаймыз деп уәде берген, бірақ уәделерін арқалап, бірі Шымға, бірі Құмға сіңіп жоқ болды. Бірақ обалы не керек, Әбдікерімнің Әлиі мен Шалдардың Бейбіті бас шенеунік болып тұрған кезінде емделуіме материалдық көмек бергенін айтпауға болмайды. Алайда ол емделгендерім пәтер жағалап жүрген мен сияқты мүгедектің денсаулығына қалай әсер етсін?

Жетіден ауған шағымда анашым ақиретке аттанды. Ал 2000 жылдан бері марқұм әкем үй мәселелесімен талай әкім-қараның есігін күзеткен. Алайда сол арманға қол жетпей, ақыры ажал алып тынды. Күйіктен кетті. Уайым ажалға сеп болды, қорлықтан гөрі бақилықты жөн санап кете барды. Соңынан шырылдап шиеттей 7 бала шаға қалды. Мен үйдің үлкенімін. Саруыз балапандай шырылдап, бұғанасы қатпай-ақ тағдырдың тауқіметін тартып, қатыгез ғұмырдың қамыты ілінген  қарадомалақ інілерім мен қарагөз қарындастарымның көздеріне көзім түсіп кеткенде, жансыз аяқты балталап тастағым-ақ келеді. Амал нешік, Тәңірі Тағаланың шарапаты мол шариғатынан рұқсат жоқ. Төстегі тулаған қанды басуға сабырды салқындыққа шақырасың.

2006 жылдан бері пәтер жалдап тұрамын. Осы аралықта Түркістанда мен ашпаған есік, кірмеген тесік қалмады. Қайран әкенің әкім-қаралардың соңынан қуған жолынан көз жазбай мен де қуып келемін. Алғашқы жылдары исі Түркі құрмет тұтқан қасиетті мекен тұрғындары тағдырынның тізгінін Тәңірім алаштың арлы азаматтарына тапсырған деген түсінікпен өмір сүрдім. Бас шенеунікті «ол анадай, ол мынадай» дегендерге әжептеуір қызылкеңірдек болып: «Тегін адам таз болмайды деген атам қазақ. Жігіттің өзімен талассаң талас, бағымен таласпа» деген деп әкім-қараларды талай қорғаштаған кездерім болды. Масқара болғанда алдамшы ой жетегінде кеткен екенмін. Ол шіркіндердің құландай қу, түлендей тапқыр, тәбілит пен жәбілит сара жолының мұрагерлері екенінен хабарсыз едім. Істеген ісінен білмесең, айтқан сөзінен ешзаман аңғармайсың.

Сөзім құрғақ болмасын мәдениетті шығарып салудан (культурное сопровождение) бір мысал.

2011 жылы Түркістан қалалық әкімдігіне бардым. Ондағы себеп, «Мұқтаж жандар санатындағыларға пәтер беріледі» деген сыбысты естігенмін. Кезінде кезекке тұрғанбыз да. Содан қала әкіміне кіріп, мәселенің мән жайына қанықсам деп едім. Бірақ мені әкім орынбасарлары қала басшысына кіргізбеді (бұл ұдайы болып тұрады). Әкім орынбасарлары: «Мұқтаж жандар санатындағыларға пәтер беріледі? Мүмкін емес! Ондай мәселе көтерілген емес. Біз хабарсызбыз. Ондай мәселені біз бірінші болып білуіміз керек қой» деп дес бермеді. Имандай сендім. Алайда арада 1-2 ай өткен соң 2011 жылы мүгедектер мен тұрмысы нашар жандарға қала әкімдігі тарапынан үйлер берілді. Ал мен болсам, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген адам болғандықтан, мұқтаж жандарға пәтер кілтін тапсыру салтанатына Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан шақырылдым. Сол жерге арнайы БАҚ құралдарынан да өкілдер келіпті. Мен пәтерден шет қалдым. Ең қызығы бұл емес, қызығы мынау. Мұқтаж жандарға пәтер кілтін тапсыру салтанатында қала басшылығы тарапынан маған сөз берілді. Сол сәтте мен шын разылықпен сөз сөйлеген едім. Өте толқуда болдым.

- «Мұқтаж жандар баспаналы болып жатыр. Өзім баспаналы болмасам да, үй алғандай күй кешіп тұрмын. Пәтер кілтін алып жатқан қуанышытарыңызға ортақпын. Қала басшылары, сіздерден Алла разы болсын» деп бар ынта-ықыласыммен жылы лебізімді білдіріп, басшыларға разы болып марқайып қайтқан жайым бар-тын.

Кейінірек «Бақсам бақа екен...» дегендей БАҚ құралдары менің сөзімді өңдеп, басын аяғына, аяғын көкке келтіріп, бейнебір мен пәтер кілтін алғандай етіп, тамаша бір бағдарлама жасапты. Әлбетте, мұның алатұяқ-әзәзіл шенеуніктің тапсырысы екені  көрер көзге де кәрәмәт көрініп тұр. Таңдай қағып ғажаптандым. Егерде «Бұқара елді алдау мен арбау тәсілдері» тақырыбында диссертация жазу тапсырылса, біздің Түркістанның шенеуніктері мезгілінен бұрын докторлық диссертация қорғап, импакт факторлы мақалалармен әлем жұртшылығын таң қалдырып, Нобель сыйлығын алатындығына күмән жоқ. Ал сол бағдарламадан соң дос-жарандарым мені құттықтап, мәре-сәре. Жаныма батқаны осы.

Менің емделіп, дәрі-дәрмек алуым үшін шындығында қыруар қаражат керек. Шайтан емеспін ғой үмітсіз болатын. Бірақ сағаттап уәде беріп, кісінің үмітін қасақана үзіп, шайтандыққа шақыратындар өкінішке орай Түркістанда бар. Бірақ мен біреудің мойнына масыл болып күн көруді өзіме ар санаймын. Құдайдың бергеніне шүкірлік еткенге не жетсін. Алайда қол қусырып, жұмыссыз отыруға тағы болмайды. Түркістан қаласы туристік орталық. Келіп кетуші қонақтар көп. Келуші қала қонақтарын суретке түсіріп кәсіп қылып жұмыс жасауыма толық мүмкіндігім бар. Оның үстіне компьютерлік курсты бітіргенмін, компьютерде жұмыс жасау тәжірибем бар. Осы мүмкіндігімді пайдаланып суретке түсіру ісімен шұғылданып, соны кәсіп қылуға бел будым. Кәсіп қылып жұмыс жасайын, елдің азаматтары қолтықтан демесе алмайтын қамал бар ма, деген ниетпен «кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегенге сүйеніп, әкімшілікке келдім. Ол кезде қала әкімі қазіргі Шымқала «старшыны» Қайрат Құсейінұлы еді. Кәсібіме жәрдем жасаймын деп уәде етіп, орынбасарына тапсырды. Қуанып әкім орынбасарына келсем, ол біреуге тапсырды. Ол біреу, белгісіз біреуге тапсырды, сонымен әкімнің әмірі ауа болды. «Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды, ит құйрығы ауа қармайдының» кері келді. Әкім әмірін екі етпей орындаймын деген орынбасардың өзі бұл күндері әмір болған.

Түркістанның қазіргі бас шенеунігі әмір тағына отырған кезде ел-жұрттың көзінше «Жәрдем бермесем маған сын, жұмыс істемесең саған сын» деп еді. Содан бері «Піс қазаным бес ай, отырайын он ай» болғалы қашан. Құрғақ қасықпен ауыз жыртып әлі келеміз. Ал су жаңа әкімнің жанына жұмыртқалағысы келгендердің жылы жұмсақ төсеуден жарысы басталып кетті. Көпшікшілер су жаңа әкімді марапаттап, мадақтап БАҚ құралдарына бұрқыратып қазіргі басшыны көсемсітуде алдарына жан салар емес. Сонымен Түркістанда Шәріпбектің Әліпбегінің дәурені жүріп жатыр. Әліптің артын бағайық, көрінген таудың алыстығы жоқ. Уақыты келгенде Әліптің де уәдеге беріктігі мен кеміктігі сынала жатар деп мен отырмын.

Қысқасы менің ел жанашыры ретінде жіліктің майын сорып жүрген көкелерден өтінерім, Түркістанды қасиетті деп санасаңыздар руханят орданың тақ мұрагерін таңдағанда уәдеге тұрмайтын опасыздар мен түлкібұлаң тексіздер таңдалмаса екен. Әйтпесе, Әзіреті Сұлтанның киесі ұрып жүрер.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320