Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 2795 4 пікір 6 Қаңтар, 2022 сағат 00:56

Алматыда не болып жатыр?

Қаңтар айының екісі күні Жаңаөзен тұрғындары қаланың орталық алаңдарына шығып, сұйытылған газ бағасының тым қымбаттап кеткеніне наразылық білдірді. Наразылық акциялары өзге де аймақтарда қолдау тауып, еліміздің бірқатар өңірлері ереуілдерге шықты.

Қаңтардың төртінде жағдай ушыға түсті. Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент, Тараз және өзге де қалаларда қарсылық акциялары жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Наразылық акцияларына шығушылар қалалық әкімдіктерді басып алуға тырысып, құқық қорғау орган қызметкерлерімен қақтығысты.

Алматыда наразы халық «Алматы Арена» спорт сарайының жанына жиналды. Олардың саны бастапқыда бес жүзге жуық болатын, артынша бірнеше мыңнан асып кетті. Наразы халық Төле би көшесін бойлай жүріп, орталық әкімдікке қарай бет алды. Олар жол бойы тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Тәртіп сақшылары халықты тоқтату мақсатында көзден жас ағызар газ қолданды, дегенмен бұл халыққа бөгет болмады. Жолда бірнеше полиция көліктерін қиратып, өртке ораған наразы топ Алматы қаласының әкімдігіне келіп жетті. Алаңда оларға қарсы әскерилер мен арнайы жасақ өкілдері болатын. Олар халықты тарату үшін газ қолданып, резеңке оқ атты.

Қайтар айының бесінде жағдай өте қатты ушықты. Он мыңға жуық наразы топ арандату әрекеттеріне еріп, қала көшелеріне тағы шықты. Олар тәртіп сақшыларын соққыға жығып, арнайы әскери көліктерді тартып алды. Бірнеше көлікті өртеп, жол бойындағы дүкен, банк ғимараттын талқандады. Қала көшелері арқылы олар орталық алаңға жетіп, қақтығыс басталды. Он мыңнан астам наразы топ тәртіп сақшыларымен қақтығысып, қала әкімдігін басып алды. Алматы қаласы әкімдігі өртке оранды. Сонымен бірге қалада прокуратура, банк ғимараттары өртеніп жатыр. Алматы әуежайына шабуыл жасалған. Аудандар бойынша полиция бөлімшелері шабуылға ұшырауда. Соңғы мәліметтер бойынша 8 әскери мен полиция қызметкері қаза тапқан.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371