Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3545 6 пікір 10 Қаңтар, 2022 сағат 13:00

Орыстілді БАҚ не дейді?

Gordonua.com:

АҚШ Қазақстаннан елдегі жаппай наразылықтар кезінде неліктен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына жүгінуге мәжбүр болғанын түсіндіруді сұрап отыр. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CNN телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Қазақстан билігі өздері тап болған қиындықтарды бейбіт жолмен жеңе білуі, бейбіт наразылық білдірушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуі, мемлекет институттары мен заң үстемдігін қорғауы тиіс. Бірақ, мұны    құқықтарды құрметтейтіндей етіп жасауы керек. Бізде олардың неліктен Ресей үстемдік ететін бұл ұйымға жүгінуге мәжбүр болғаны туралы нақты сұрақтар туындап отыр»,- деді. Сондай-ақ, ол «осының барлығын өз дауыстарын жеткізуге тырысқандардың құқықтарын сақтай отырып, бейбіт жолмен шешу өте маңызды», - деп атап өтті.

РИА Новости:

Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштері енгізілуінің арқасында заңсыз қарулы топтарға қарсы күрестің бағытын өзгерту мүмкін болды. Бұл туралы әскери сарапшы, «Ұлттық қорғаныс» журналының бас редакторы Игорь Коротченко РИА Новостиге берген сұхбатында айтқан.

«Қазіргі уақытта Қазақстан жағдайды өзгерте алды. Бұл көбіне аймақта ҰҚШҰ бітімгершілік күштері болуының әскери-саяси факторына байланысты», - деді Коротченко.

Әскери сарапшы ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін енгізу туралы шешім форс-мажор жағдайында қабылдануы тиіс екенін атап өткен.

«Дегенмен, Әуе-десанттық күштердің базасында құрылған контингентті жеткізу және орналастыру мерзімі Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің тамаша жағдайда екенін және тез және тосын әрекеттерге, соның ішінде күтпеген кіріспе әрекеттерге қабілетті екенін көрсетеді», - деді.

Belta.by

Қазақстандағы оқиғалар шетелдік интервенция әрекеті. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко айтты.

«Біздің басты одақтастарымыздың бірі - Қазақстанда болып жатқан жағдай бізді қатты алаңдатады. Халық күйзеліске ұшырады. Қазақстан отқа оранды, ірі қалалар өртеніп жатыр», - деді Беларусь басшысы.

Ол Беларусь пен Қазақстанды Ұжымдық қауіпсіздік шарты да байланыстыратынын атап өтті.

«Бізде бірнеше жылдан бері запаста болған, дайындықтан өткен тиісті әскерилендірілген бөлімшелер бар. Бұл біздің бауырлас Ресеймен бірге Алматыға орналастырылған бітімгершілік күштер. Біздің жігіттер бүгінде ресейліктермен бірігіп, тараптардың позицияларын жақындастыруға тырысуда», - деді Беларусь басшысы.

«Мен үнемі ескертетінмін: пайда болған жарықшақтан су ағады. Қасиетті жер ешқашан бос болмайды. Қазақстанда солай болды. Осыны пайдаланып, шетелдік қарақшылар бірінші кезекте гүлденген оңтүстікке асыға бастады. Жақында көресіз. Бұл шетелдік интервенция әрекеті болып табылады. Енді бұл қарақшылардың артында кім тұрғанын анықтау керек»,- деді Лукашенко.

NEXTA Live:

Ал, NEXTA Live телеграм каналы Тоқаев Назарбаевқа адал күштік құрылым қызметкерлерінен құтылып жатыр деп жазды.

«Ол елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының екі орынбасары – Марат Осипов пен Дәулет Ерғожинді қызметінен босатты. Бұған дейін ол қазір мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовті қызметінен босатты»,- деп жазды олар.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366