Алматыда екі метро станциясы іске қосылады
Алматыда 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін екі метро станциясы – "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" іске қосылады.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
"Бірінші тоқсанның соңына дейін "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станцияларын іске қосамыз. "Қалқаман" станциясының құрылысы жалғасады", - деді Бақытжан Сағынтаев
Бұған дейін Алматыда "Сарыарқа" және "Б.Момышұлы" метро станциялары техникалық негізде іске қосылған болатын, бірақ қолданылуға берілмеді.
Abai.kz